Алматы облысы қаржы басқармасының бюджеттің орындалуын талдау бөлімінің бас маманы, индекс: ОАИБ-2

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит
  • Қаржы және кредит

Функционалды міндеттер

Қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау кезінде бюджеттік бағдарламалардың жетекшілік ететін әкімшілері ұсынған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларының жылдық сомалардың, мәслихаттың кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімімен бекітілген сомалардың сәйкестігін тексереді. Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін трансферттердің сомаларын, оларды жоғары тұрған бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарларында төмен тұрған бюджеттің төлемдері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарындағыдай көлемде және сол айларда тұруын тексереді; Бюджеттік бағдарламалардың жетекшілік ететін әкімшілері бойынша бюджеттің жүргізілетін нақтылаулары мен түзетулеріне, сондай-ақ ай сайынғы шығыстарға өзгерістер енгізуге ұсынылған өтінімдерге сәйкес міндеттемелер мен төлемдер бойынша жиынтық жоспарларға өзгерістер енгізу туралы анықтамалар қалыптастырады және оларды К2 бағдарламасы бойынша аумақтық қазынашылық органдарына жібереді; Жетекшілік ететін бағдарламалар бойынша бюджеттің игерілуіне талдау жүргізеді, қажет болған жағдайда олар бойынша ақпарат дайындайды; ҚР ҚМ жанындағы Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне бағалау әдістемесіне қосымшаларға сәйкес мақсаттарға қол жеткізу блогы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау бойынша жиынтық ақпаратты одан әрі ұсыну үшін деректерді жинауды және өңдеуді жүргізеді; «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 13.12.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.12.2023 – 25.12.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4

Анықтама алу үшін байланыс

87471177317