Алматы облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру және күрделі жөндеу бөлімінің бас маманы, (индексі:04-5)

Мемлекеттік орган

Алматы облысының Білім басқармасы

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Педагогика және психология
  • Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
  • Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
  • Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
  • Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
  • Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
  • Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
  • Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
  • Педагогика және психология
  • Бастапқы әскери дайындық
  • Дефектология
  • Музыкалық білім
  • Бейнелеу өнері және сызу
  • Дене шынықтыру және спорт
  • Математика
  • Физика
  • Информатика
  • Тарих
  • Құқық және экономика негіздері
  • География
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Кәсіптік оқыту
  • Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
  • Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
  • Философия
  • Филология
  • Шетел филиологиясы
  • Әлеуметтану
  • Психология
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Білім: биология
  • Әдебиеттану
  • Химия-Биология
  • Математика-Физика
  • Математика-Информатика
  • Физика және информатика
  • География - Тарих
  • Педагогикалық өлшемдер
  • Тарих-Дінтану

Қосымша талаптар

Педагогикалық Ғылымдар (сызу және бейнелеу өнері және/немесе дене тәрбиесі және / немесе физика және математика және / немесе Биология және химия және/немесе дене дайындығы және/немесе қазақ филологиясы және/немесе персоналды басқару және / немесе Тарих, құқық және экономика негіздері мұғалімі және / немесе Тәрбие жұмысын ұйымдастыру (деңгейлер бойынша) және/ немесе география және тарих және/немесе тарих және дінтану және/немесе білім беру ұйымының зертханашысы және / немесе сызу және сурет салу және / немесе негізгі орта білім және / немесе Тәрбие жұмысын ұйымдастыру және / немесе мектепке дейінгі тәрбие және оқыту және / немесе бастауыш білім және / немесе биология, педагогика және психология және / немесе тарих, қазақ тілі мен әдебиеті және / немесе тарих, орыс тілі мен әдебиеті және / немесе тарих және география және / немесе Тарих, құқық және экономика негіздері және / немесе қазақ тілі мен әдебиеті, Орыс тілі мен әдебиеті және / немесе қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі және/немесе орыс тілі мен әдебиеті, Шет тілі және / немесе Бастапқы әскери және дене шынықтыру дайындығы және / немесе педагогика мен психология, бейнелеу өнері мен сызу және / немесе педагогика мен психология, дефектология және / немесе шет тілі және / немесе Әлеуметтік педагогика және / немесе баспа и және редакциялау және/немесе екі шет тілі (білім беру) және / немесе кәсіптік оқыту және техникалық пәндер және / немесе дене шынықтыру және / немесе Бастапқы әскери даярлық және дене шынықтыру және / немесе музыка және / немесе Педагогика және тәрбие әдістемесі жұмыс және / немесе Білім бастауыш білім беру мұғалімі және/немесе бастауыш білім берудің Информатика мұғалімі және / немесе бастауыш білім берудің шет тілі мұғалімі және/немесе өзін-өзі тану мұғалімі және / немесе ағылшын тілін білетін бастауыш білім беру мұғалімі және / немесе ағылшын тілін білетін бастауыш білім берудің Информатика мұғалімі және / немесе негізгі орта білім берудің бейнелеу өнері және сызу мұғалімі және / немесе мектепке дейінгі және негізгі орта білім беру ұйымдарындағы музыка мұғалімі және / немесе негізгі білім берудің тіршілік қауіпсіздігі және валеология негіздері мұғалімі және / немесе қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі және / немесе орыс тілі және және/немесе өзін-өзі тану мұғалімі және/немесе математика мұғалімі және/немесе физика мұғалімі және / немесе негізгі мектептің шет тілі мұғалімі және / немесе негізгі мектептің информатика мұғалімі және / немесе мұғалім математика мұғалімі және/немесе ағылшын тілін білетін физика мұғалімі және / немесе көркем еңбек мұғалімі және / немесе бастауыш білім беру мұғалімі және / немесе бастауыш білім берудің шет тілі мұғалімі және / немесе мектепке дейінгі музыка мұғалімі, және/немесе дене шынықтыру және спорт мұғалімі және/немесе дене шынықтыру мұғалімі және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі және / немесе орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі және / немесе шет тілі мұғалімі және / немесе бастауыш және негізгі орта білім берудің Информатика мұғалімі және / немесе арнайы педагогика)

Функционалды міндеттер

Орта білім беру және техникалық және кәсіптік білім беру саласында "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасының іске асырылуын үйлестіреді; ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын бекіту туралы №726 қаулысымен бекітілген «Мектептерді жайлы, қауіпсіз және заманауи білім беру ортасымен қамтамасыз ету» міндетіне сәйкес және колледждерді жөндеуді талап ету, пәндік кабинеттермен жарақтандырылуы, кітапханалар мен асханалардың жай-күйі, қауіпсіздік деңгейі бойынша ақпаратты жауапты бөлімдерден жинақтайды; Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашада қабылданған №963 Ұлттық «Жайлы мектеп» жобасының қаулысының жүзеге асырылуын қадағалайды, қажетті материалдарды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келіседі; «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінен, «Самұрық-Қазына Акционерлік қоғамынан келіп түскен тапсырмаларға сәйкес нормативтік (Қаулы, өкім, бұйрықтарды) дайындайды. Қызметтік міндеттердің орындалуына, анықтамалар мен ақпараттық материалдардың, құжаттардың, жоспарланған мәселелердің және басшылардың тапсырмасының белгіленген мерзімде орындалуына, олардың дұрыстығы мен сапасына дербес жауап береді; Жаңа оқу жылына, күзгі-қысқы дайындыққа барлық білім беру және мектепке дейінгі мекемелердің дайындығын бақылайды. Жаңа оқу жылына, күзгі-қысқы дайындыққа барлық білім беру және мектепке дейінгі мекемелерді отынмен қамтамасыз етеді және оларға бөлінген қаржының уақтылы игерілуін ұйымдастырады. Білім беру мекемелерінің күзгі-қысқы дайындыққа қажетті сұйық отын лимитін облыс әкімінің орынбасарымен бекітеді. Білім беру мекемелеріндегі жылыту жүйесінің жөнделуін, жылыту қазандықтарының істен шыққанын айырбастау, оларға қажетті құралсаймандарды сатып алуды ұйымдастырады. Облыстық бюджеттегі білім беру мекемелеріндегі жауапты жұмысшылармен бірге отынға сұраныс беру, жылу жүйелерін жөндеу жөнінде білім беру объектілерін отынмен қамтамасыз ететін ұйымдармен тығыз байланыста болуды іске асырады. Жылыту маусымы бойынша апта сайын мониторинг жүргізіп, саралайды. Сұйық отын, қатты отын, газ сатып алу құқықтық мазмұндағы құжаттарды дайындауды жүзеге асыруды қадағалайды. жылдық, тоқсандық, айлық, апталық жеке жұмыс жоспарын құрастырады. Келісім-шарт, қаржылық және материалдықтехникалық базаны нығайту жоспарының мемлекеттік сатып алуын өткізуге қатысуды қадағалайды. Облыстық білім басқармасы мен бөлім өткізетін отырыстар, семинар-кеңес, іс-шараларды ұйымдастыруды іске асырады. «Ұлттық білім беру деректер қоры» жиынтығын орта білім беру ұйымдарымен толтырылуын ұйымдастыру және мониторингілеу; іс-шараларды, жобаларды, алқа мәжілісінің шешімдерін, жетекшілік етуші мәселесі бойынша басқарма бұйрықтарын дайындауға қатысады, оның орындалуын бақылау арқылы құжаттардың жүзеге асырылуын қадағалайды; Басшылардың тапсырмасы бойынша орта білім беру, мектепке дейінгі және колледж қызметіне байланысты хаттар мен шағымдарға жауап береді. Өзіндік білімі мен кәсіби біліктілігін жетілдірумен үнемі айналысады. . Облыстық білім басқармасының уақыт тәртібін сақтайды.

«А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 11.12.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.12.2023 – 21.12.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

«Алматы облысы әкімінің аппараты» ММ, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі

Анықтама алу үшін байланыс

87471177317