Алматы облысының жер қатынастары басқармасының жерге орналастыру және мемлекеттік мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою бөлімінің басшысы, индекс:02-1

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-О-3 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Жерге орналастыру
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Геодезия және картография
  • Топырақтану және агрохимия
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Кадастр
  • Бағалау
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

  1. жер ресурстарын басқару саласында бірыңғай мемлекеттік сяасатты жүргізу мәселелері бойынша бөлімнің жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады; 2. жер учаскелерінің бөлінетіндігі немесе бөлінбейтіндігін айқындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; 3. жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; 4. облыстың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; 5. жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; 6. пайдалы қазбалардың кен орындары табылған кезде және оларды игеру үшін, магистральдық құбыр желілерін салу (реконструкциялау), жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындау жұмыстарын ұйымдастырады; 7. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84- бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi ұсыныстарды дайындау жөніндегі жұмыстарын ұйымдастырады; 8. мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін сатып алу бойынша бюджеттік өтінімдерді уақытылы қалыптастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; 9. Қазақстан Республикасы жер заңнамаларының талаптарын сақтау мәселелеріне қатысты практикалық және әдістемелік көмек көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; 10. жер заңнамаларын орындау, сондай-ақ жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi қатысты мәселелері бойынша сот процесстеріне қатысады; 11. жоғары тұрған ұйымдардан келіп түсетін бақылаудағы және басқа құжаттарды мерзімінде орындалуын қадағалайды; 12. жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, шағымдарын және арыздарын қарау жөніндегі ағымдағы жұмысты ұйымдастырады; 13. облыс әкімдігімен құрылатын жұмыс топтарымен бірге аудандар мен қалаларға жер қатынастары саласында туындаған сұрақтары бойынша жұмыстарға қатысады; 14. өз құзыреті шегінде облыстың аудан және қалалық жер қатынастары саласындағы өкілетті органдарына тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетеді. «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.12.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.12.2023 – 11.12.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4

Анықтама алу үшін байланыс

87471177317