Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары, индекс: 01-04
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
441254
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Қосымша талаптар
зоотехния
Функционалды міндеттер
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» бағдарламасының орындалуын бақылау; Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайларда «Жануарларды және өсімдіктерді қорғау қызметіне» жүктелген жұмыстарды қадағалау; Шаруашылықтың барлық санаттарында ҚР «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңының, нормативті актілердің, басқарманың селекциялық-асылдандыру жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған шешімдерінің орындалуы мен сақталуын бақылауды іске асырып, оның қамтамасыз етілуін қадағалау; Экономика және бюджеттік жоспарлау, бухгалтерлік есеп және қаржыландыру, агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау бөлімдерінің ауыл шаруашылығы саласындағы бюджеттік жоспарлау жөніндегі жұмысына басшылықты жүзеге асырады; Нысаналы ағымдағы трансферттер және жергілікті бюджет бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджет жобасын дайындауды басқарады; басқарманың жоспарлы және есептік құжаттаманы әзірлеуге, сондай-ақ жоспарлау саласында автоматтандыру құралдарын енгізуге қатысуын ұйымдастырады, басқарма қызметкерлеріне басшылық жасайды; Басқарманың ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік, өңірлік және салалық бағдарламалардың іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге және орындауға "қаржыландыру" бөлімінде қатысуын ұйымдастырады, жоспарлы көрсеткіштерді облыстың ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен мекемелеріне жеткізуді қамтамасыз етеді; Бюджеттік бағдарламалардың: нысаналы ағымдағы трансферттер және жергілікті бюджет бойынша бекітілуіне (қайта бекітілуіне) бақылауды жүзеге асырады. Жетекшілік ететін бөлімдердің жоспарлы тапсырмаларды орындауын бақылауды, белгіленген мерзімдерде мерзімді есептілікті дайындауды, бақылау құжаттарының орындалуын жүзеге асырады, облыстық мәслихат сессиясына және мәслихаттың іске асырылуына енгізу үшін нақты бағыттар бойынша ұсыныстар дайындауды қамтамасыз етеді; басқарманың жоспарлы-экономикалық қызметіне байланысты құжаттарға бұрыштама қояды және қол қояды; Мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелері бойынша қаржыландыру жоспарларына, кәсіпорындарды дамыту жоспарларына уақытылы өзгерістер, толықтырулар, түзетулер енгізу туралы бақылауды жүзеге асырады; ұсынуды бақылауды жүзеге асырады Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына, облыстық қаржылық жоспарлау басқармасына жергілікті және республикалық бюджет бойынша жалақы туралы ақпарат беру жөніндегі жұмысқа басшылықты жүзеге асырады. басқару; РБ-дан, ҚР АШМ-нен және облыстық қаржы басқармасына бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді игеру туралы ақпарат беру жөніндегі жұмысқа басшылықты жүзеге асырады. «А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4
-
87471177317