Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының жалпы бөлімінің бас маманы, индекс: ОО-4

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

Функционалды міндеттер

           

                        3.1. "Е-қызмет" ИАЖ жүйесінің жұмысын уақтылы және сапалы жүзеге асыру»: - Жеке құрам бойынша бұйрықтар енгізу: (қызметкерлердің еңбек қызметін растайтын: - ұзақ мерзімді демалыстан немесе оқудан шығу туралы; уақытша алмастыру туралы, міндеттерді жүктеу туралы; тәлімгерлерді бекіту туралы; біліктілікті арттыру курстарына жіберу туралы; аттестаттау; біліктілікті арттыру; мемлекеттік қызметшілерге бағалау жүргізу туралы; қосымша уақыттағы жұмыс туралы; демалыс күндерін (сағаттарын) беру туралы, тегін өзгерту; көтермелеу; марапаттау; еңбекақы төлеу; төлемдер, жәрдемақылар туралы; демалыс (мереке) күні жұмыс істегені үшін өтемақы беру туралы; материалдық көмек көрсету туралы; тағылымдамаға жіберу туралы; лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттету жөнінде; тәртіптік жазалар қолдану жөнінде; тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алып тастау жөнінде; жыл сайынғы еңбек демалыстары бойынша; әлеуметтік демалыстар бойынша; жалақысы сақталмайтын демалыс бойынша; демалыстан кері қайтарып алу туралы; демалысты ұзарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды; 3.2. денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін тоқсандық және жылдық бағалау бойынша құжаттарды дайындауды жүзеге асырады 3.3. Тәлімгерді тағайындау туралы актінің жобасын әзірлейді. 3.4. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдама қағидаларына сәйкес тағылымдамадан өту бойынша құжаттарды дайындау: - қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағылымдамадан өту кестесінің жобасын жасау (мақсаттары, міндеттері, тағылымдамадан өту мерзімдері мен орны, қызметші туралы мәліметтер; - тағылымдама кестесінің жобасын тағылымдамадан өту жоспарланған мемлекеттік органдарға және/немесе ұйымдарға келісуге жіберу; - тағылымдамалардың келісілген кестесін бекіту; - тағылымдамадан өтудің жеке жоспарының жобасын әзірлеу; - тағылымдамадан өтудің жеке жоспарын келісу үшін қабылдаушы мемлекеттік органға жолдау; - қабылдаушы мемлекеттік органның тағылымдамадан өтудің жеке жоспарын келісуі; - қызметшіні қабылдаушы мемлекеттік органға тағылымдамаға жіберу; - қызметшілердің тағылымдамадан өтуіне талдау жүргізу; - қызметшілердің тағылымдамадан өтуіне жүргізілген талдау қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірлеу. 3.5. Басқармада мұрағат ісін жүргізу бойынша жұмысты жүзеге асырады: - істер номенклатурасын әзірлеу, оларды мұрағатқа тапсыру кезінде дұрыс қалыптастыру және ресімдеу; - келіп түскен сұраныстарға сәйкес Мұрағаттық көшірмелер мен құжаттарды беру; - құрылымдық бөлімшелерден сақтауға келіп түскен құжаттарды қабылдау және тіркеу; - тұрақты және уақытша сақтау мерзімдерінің жиынтық тізімдемелерін, сондай-ақ құжаттарды мемлекеттік сақтауға беруге, сақтау мерзімі өткен материалдарды есептен шығаруға және жоюға арналған актілерді және т. б. дайындау; 3.6. жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, мерзімдердің орындалуын сақтау және олар бойынша жауаптар дайындау; 3.7. басқарма алқаларында қарау үшін материалдар дайындау,басқа жұмыс кеңестерінде; 3.8. сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға дербес жауапты болады; 3.9. Заңнамада белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;  «В» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 20.11.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.11.2023 – 29.11.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4

Анықтама алу үшін байланыс

87471177317