Алматы облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының жер қойнауын пайдалануды дамыту бөлімінің бас маманы, индекс:40-04-03

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
  • Тау-кен ісі
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
  • Пайдалы қазбаларды байыту
  • Қаржы
  • Пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістері

Функционалды міндеттер

Жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерді орындауына мониторинг жүргізу. Келісімшарттың ережелерін жер қойнауын пайдаланушылардың орындау мәселесі бойынша мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету және Құзыретті органдардың алдында жер қойнауын пайдаланушылардың есеп беруін ұйымдастыру. Жер қойнауын пайдаланушылардың келесідей мәселелер бойынша келісімшарттың ережелерін орындауын қамтамасыз ету. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және бірлесіп барлау және өндіруге келісімшарттарды бұзу. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау, өндіруге келісімшарттарды, келісімшартқа тиісті өзгертулер және/немесе толықтыруларды, жер қойнауын пайдалану құқығын жартылай беру туралы келісімдерді, және кен орындарын бірлесіп өндіру туралы келісімдерді тіркеу. Бағдарламаларды әзірлеу және іске асыруға қатысу. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздерді өткізу бойынша жұмыс тобының отырыстарына материалдарды қабылдау және дайындау. Келісімшарттардың инвентаризациясын, мониторингісін жүргізу. Word, Excel, E-mail, Internet, «Электрондық Үкімет» бағдарламаларымен компьютерде жұмыс істей білу, іс қағаздарын жүргізудің негіздерін, мемлекеттік тілді білу. «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 20.11.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.11.2023 – 29.11.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4

Анықтама алу үшін байланыс

87471177317