Главный специалист отдела библиотечного дела, историко-культурного наследия и организации работы музеев управления культуры,архивов и документации Алматинской области, индекс: 03-2

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

282692

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Бейнелеу өнері және сызу
  • Тарих
  • География
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
  • Мәдениеттану
  • Археология және этнология
  • Шығыстану
  • Түркітану
  • Құқықтану
  • Кескіндеме
  • Графика
  • Мүсін
  • Өнертану
  • Сән өнері
  • Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау
  • Дизайн
  • Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету
  • Мәдени-тынығу жұмысы
  • Кітапхана ісі
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
  • Әдебиеттану

Қосымша талаптар

мәдени-тынығу жұмысы және көркем шығармашылықты ұйымдастыру және/немесе кітапханатану және библиография және/немесе мұражай ісі және тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және/немесе монументалды және сәндік өнер және/немесе музейтану және/немесе кескіндеме, мүсін және графика және/немесе сәндік-қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнері және/немесе қалпына келтіру және/немесе зергерлік іс және/немесе  арт-менеджмент

Функционалды міндеттер

С.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханасының және аудандық, қалалық кітапханалар жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі бас маман. Мәдениет, архивтер және құжаттама саласының жұмысын арттыру үшін қаулы, өкімдер, шешімдер дайындау. Кітапханалардың статистикалық есептерін қабылдау және құзырлы органдарға тапсыру, облыс тұрғындарының кітапханамен, ақпаратпен қамтамасыз етілуін одан әрі жетілдіру жұмыстарын жүргізу. Құқық және құқықтану мәселелеріне қатысты жұмыстарды үйлестіру, соттарға қатысу; Қазақстан Жазушылар одағы мүшелерінің және облыстың мәдениеті мен әдебиетінің дамуына үлес қосқан дарынды жеке тұлғалардың еңбектері мен естелік кітаптарын шығару жөнінде жазушылардың құжаттарын жинақтау, комиссияға ұсыну, кітаптың баспадан басылып шығарылуын қадағалау. Кәсіби құзыреттілік: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. «A» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 09.11.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.11.2023 – 20.11.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4

Анықтама алу үшін байланыс

87471177317