Алматы облысы қаржы басқармасының бюджеттік несиелеу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын басқару және квазимемлекеттік секторды мониторингілеу бөлімінің бас маманы, индекс: ОБКУПГПИМКС-2

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит
  • Қаржы және кредит

Қосымша талаптар

құқықтану

Функционалды міндеттер

Бюджет деңгейлері арасындағы төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын ескере отырып, жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін трансферттер мен кредиттер сомаларының сәйкестігін бақылайды; Тоқсан сайын жергілікті атқарушы органға Қазақстан Республикасынан бөлінген бюджеттік кредиттерге қызмет көрсету және өтеу және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіне мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссиясы туралы есеп береді; Республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген несиелік шарттарды келісімдердің дұрыс ресімделуіне тексереді (реквизиттер, қолдар, мөрлер, сомалар); Облыс әкімі мен аудан әкімдері арасындағы негізгі және қосымша несиелік шарттарды тіркейді, сондай[1]ақ негізгі борышты уақтылы өтеу және пайдаланылмаған қарыздарды қайтару есебін жүргізеді; Тұрғын үй құрылысын қаржыландырудың мемлекеттік және мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру шеңберінде облигациялар шығару бойынша жұмыстарды жүргізеді; Кірістер жоспарына сәйкес кірістер бөлігіне негізгі қарызды өтеу бойынша ай сайынғы түсімдерге мониторинг жүргізеді; Қажет болған жағдайда облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен және аудан (қалалық) әкімдіктермен бюджеттің атқарылуы туралы кеңестерге жиынтық материалдар дайындайды; ББӘ және әкімдіктердің азаматтық бюджеттің орналастырылуын бақылау және анықтамалар жинау; ББӘ мен әкімдіктердің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері бойынша сілтемелерді орналастыру және жинақтау мониторингін жүзеге асыру; ББӘ және әкімдіктердің бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы есептерді орналастыруға мониторинг және сілтемелерді жинау; Өз құзыреті шегінде қазыналық кәсіпорындарды және мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, облыс әкімдігі қаулыларының жобаларын қарауға дайындайды; Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде қазыналық кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастырады; Облыстық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерін шегерімге жатқызу нормативінің уақтылы және толық аударылуын бақылайды; Мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік мүлкінің тізілімінде есептердің берілуін бақылауды жүзеге асырады; Мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік мүлік тізілімінде есептердің ұсынылуын бақылайды; Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті МЖӘ жобалары бойынша конкурстық құжаттама мен келісімдерді қарайды; Атқарылған жұмыстар бойынша апта сайынғы ақпарат дайындайды; Бөлім номенклатурасы бойынша іс жүргізуді жүргізеді, іс жүргізудің белгіленген ережелерге сәйкес жүргізілуін бақылайды, мұрағатқа тапсыру үшін құжаттарды қалыптастыруға қатысады; «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 08.11.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.11.2023 – 17.11.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4

Анықтама алу үшін байланыс

87471177317