Алматы облысының жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары, индекс: 01-2
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
441254
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Жерге орналастыру
- Құқықтану
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Геодезия және картография
- Топырақтану және агрохимия
- 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
- Кадастр
- Бағалау
Функционалды міндеттер
- Берілген құзырлығы шегінде басқарманың жұмысын ұйымдастырады және жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын қалпына келтiрiп отыру, жер учаскелерін табыстау және нысаналы мақсатын өзгертудің, шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшiн жағдайлар жасау, жер қатынастары саласында заңдылықты нығайтуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. 2. Облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондайақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын және жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. 3. Облыстың жергiлiктi атқарушы органының қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерiн беру және алып қою жөнiндегi ұсыныстарын және шешiмдерiнiң жобаларын дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. 4. Өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау және жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізу, жер учаскесін сатып алусату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмыстарын ұйымдастырады. 5. Жерге орналастыруды жүргізу және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту, облыстың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеу бойынша жұмыстарын ұйымдастырады. 6. Жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыстың жер балансын жасау, ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау, жер-кадастрлық жоспарды бекіту бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. 7. Жер кодексінің 71-бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау жөнінде жұмыстарды ұйымдастырады. 8. Басқарманың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалауды мерзімінде және толық қамтамасыз етуге, мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған азаматтарға тәлім алуына, тағылымдамадан өтуіне, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. 9. Заңдылықтың, басқарманың қызметіндегі келісімшарттық және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету бойынша, жеке және заңды тұлғалар мен жер пайдаланушылардың хаттарын, арыздары мен өтініштерін қарау бойынша жұмыстарын ұйымдастырады. 10. Облыстық атқарушы органның және басқарма басшысының тапсырмалары мен өкімдерін орындауға бақылайды. 11. Басқарманың жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді. «А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4
-
87471177317