Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, индекс:40-01-03

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-О-2 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

441254

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Алматы облысының даму бағдарламасын, әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын, басқарманың стратегиялық жоспарын, операциялық жоспарын және тағы да басқа бағдарламалық құжаттарды әзірлеу, оны жүзеге асыруды қамтамасыз ету. Индустриялықинновациялық дамытудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ету. Облыстың өңiрлiк индустрияландыру картасын әзiрлеу және бекiтуді қамтамасыз ету. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеу саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Облыс аумағында өндiрiлетiн тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндiрушiлердiң тiзбесiн қалыптастыру бойынша жұмысты жүргізу. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамытуға қолдау көрсету бойынша тиісті түрде атқарылуын қадағалау. Word, Excel, E-mail, Internet, «Электрондық Үкімет» бағдарламаларымен компьютерде жұмыс істей білу, іс қағаздарын жүргізудің негіздерін, мемлекеттік тілді білу. «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 26.10.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.10.2023 – 31.10.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4

Анықтама алу үшін байланыс

87471177317