Алматы облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметінің басшысы, индекс: СВА-1

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

Категория D-3

Орташа лауазымдық айлықақы

380391

Жалпы біліктілік талаптары

D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

4) кеңесші және көмекші лауазымдарына жұмыс тәжірибесі қажет емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Статистика
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Қосымша талаптар

Аудитор сертификатының болуы.

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік аудитті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестікте жүргізу.Қызметтік және кәсіби этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар талаптарын сақтау.Ішкі аудит қызметінің жұмыс жоспарларын дайындау мен бекітуді және оқытуды қамтамасыз етеді. Ішкі аудит қызметінің қызметкерлеріне жүктелген міндеттердің, сондай-ақ ішкі аудит қызметіне жүктелген міндеттер мен функциялардың, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың уақтылы, сапалы және толық көлемде орындалуын қамтамасыз етеді. Ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін анықтау. Ішкі аудит қызметінің құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарау және олар бойынша жауаптар дайындау. Мемлекеттік аудит нәтижесінде алынған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, оның ішінде мемлекеттік құпияларға, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге құпияға жататын мәліметтерді жария етпеуге міндетті, «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 11.10.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.10.2023 – 20.10.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі

Анықтама алу үшін байланыс

87471177317