Алматы облысының жер қатынастары басқармасының жер кадастры және мониторингі бөлімінің бас маманы, индекс: 02-2

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Жерге орналастыру
  • Құқықтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Геодезия және картография
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Кадастр
  • Бағалау

Қосымша талаптар

агрохимия және топырақтану

Функционалды міндеттер

жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;  жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту жөніндегі жұмыстарды атқарады;  жер заңнамаларын орындауға қатысты мәселелер бойынша сот процестеріне қатысады; облыстың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеу жұмыстарын атқарады; жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу бойынша жұмыстарды атқарады;  жеке тұрғын үй құрылысы үшін дайындалған алаңдар және табысталатын жер учаскелері бойынша есепті қалыптастырып жинақтайды;  жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, шағымдарын, өтініштерін және арыздарын қарастырады, сондай-ақ, жоғары тұрған ұйымдардан келіп түсетін бақылаудағы және басқа құжаттарды мерзімінде орындайды; облыс әкімдігімен құрылатын жұмыс топтарымен бірге аудандар мен қалаларға жер қатынастары саласында туындаған сұрақтары бойынша жұмыстарына қатысады; өз құзыреті шегінде облыстың аудан және қалалық жер қатынастары саласындағы өкілетті органдарына тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетеді. «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 05.10.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.10.2023 – 16.10.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі

Анықтама алу үшін байланыс

87471177317