Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының әкімшілік және құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, индекс:ОАИПР-3

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

Функционалды міндеттер

Деректі құжаттарды орындау бойынша басқарманың қызметі туралы жиынтық ақпаратты, анықтамаларды, есептерді әзірлейді, талдау жасайды; Бөлім бойынша істер номенклатурасын әзірлейді, бөлімдегі іс жүргізумен айналысады; Дене шынықтыру және спортты дамытудың Тұжырымдамасын, Орта мерзімді даму бағдарламасын, Аумақтарды дамыту бағдарламасын әзірлеуге қатысады; Облыс әкімінің, жетекшілік ететін облыс әкімі орынбасарының, басқарма басшысының хаттамалық тапсырмаларын орындау жөніндегі жиынтық ақпаратты дайындайды; Қызметтік құжаттар бойынша тапсырмаларды, азаматтардың өтініштерін орындайды; Деректі құжаттарды орындау бойынша басқарманың қызметі туралы жиынтық ақпаратты, анықтамаларды, есептерді әзірлейді, талдау жасайды; Облыстық терроризмге қарсы комиссиясының жұмыс тобына кіреді, басқарма құзыры шегінде терроризмнің алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастырады. Шет елдерде өтетін халықаралық спорттық шараларда облыс мүддесін танытады; тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады; Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етеді. Өтініштерді тіркеу карточкасына деректерді енгізу сапасына жауапты. Өтініштерді тіркеу карточкасының басқа деректемелерді (кәсібі, өтініш түрі, өтініш нысаны, өтініш тілі, азаматтық, ұлты, жынысы және т.б.) толтыру сапасына жауапты. Басқарма басшылығының қыбылдауына жазылған жеке және заңды тұлғалардың жұмысын үйлестіреді. Басқармаға қарасы спорт ұйымдарының     «Е өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы айлық тоқсандық есептерін қалылдап, жинақтау жасайды. Басқармаға келіп түскен бақылаудағы құжаттардың өз мерзімінде орындалуын қадағалау; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстына қатысады.(ішкі бақылау, талдау жұмыстары). «В» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 27.09.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.09.2023 – 06.10.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі

Анықтама алу үшін байланыс

87788048559