Алматы облысының қаржы басқармасының коммуналдық меншікті басқару және есепке алу бөлімінің басшысы, (индекс: ОУиУКС-1 (09-01-01)

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-О-3 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит
  • Бухгалтерлік есеп және аудит
  • Қаржы және кредит

Қосымша талаптар

заңтану

Функционалды міндеттер

Облысының коммуналдық мүлкін басқару өз құзыреті шегінде оны қорғау жөнінде шаралар қабылдау, өз құзыреті шегінде облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласында облыс әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің, қаулыларының жобаларын дайындау және қарауға енгізу, аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудандардың жергілікті атқарушы органдарының жұмысын үйлестіру, облыстық коммуналдық мүлікті облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп беруді бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне қабылдап алу- беру рәсімін ұйымдастыруды бақылауды жүзеге асыру, облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша облыстық коммуналдық мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына, акционерлік қоғамдардың акцияларына ақы төлеуге беруді жүзеге асыру, мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік мүлік тізілімінде есептердің берілуіне бақылауды жүзеге асыру, жеке тұлғалардан және мемлекеттік емес заңды тұлғалардан сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлікке құқық алу рәсімін жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруын бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары негізінде құрылған объектілерді коммуналдық меншікке қабылдау, талап-арыз жұмысына қатысу, бөлімнің құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша қорытындылар дайындау, мемлекеттік мүліктің тиімділігін критерийлер бойынша бағалауды жүргізу, ммемлекет қатысатын мемлекеттік кәсіпорындар мен заңды тұлғаларды басқару тиімділігінің қызметіне талдау жасау,жетекшілік ететін сала бойынша мемлекеттік мекемелерден, кәсіпорындардан және жеке тұлғалардан келіп түскен хаттарды қарау және оларға түсініктемелер, жауаптар беру, мемлекеттік мекемелерге коммуналдық мүлікті есептен шығаруды келісуді жүзеге асыру, аппараттық кеңестер мен хаттамаларға тиісті ақпаратты дайындайды, бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру, заңды және жеке тұлғалардың бұл туралы ресми сұрау салуы жағдайында өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну; Бөлім жұмысында жалпы басшылықты жүзеге асыру, басшылық айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру, еңбек тәртібін сақтау бойынша шараларды қамтамасыз етеді, қызметтік әдепті сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді, қауіпсіздік техникасын сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді, ақпараттық қауіпсіздікті сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді, мемлекеттік мүлікті сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді, ішкі жұмыс тәртібінің ережелерін сақтайды, заңнамаға сәйкес басқа да міндеттерді орындайды.  «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 21.09.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.09.2023 – 02.10.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі

Анықтама алу үшін байланыс

87788048559