Алматы облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік қызметтерді көрсету бөлімінің бас маманы, индекс:8-4

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқық және экономика негіздері
  • Құқықтану
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлеуметтік жұмыс
  • Қаржы
  • Мемлекеттік басқару
  • Қаржы және кредит

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Бөлімнің бас маманы лауазымдық міндеттерін орындау үшін мемлекеттік әкімшілік қызметші ретінде "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабында белгіленген міндеттерді және мынадай функционалдық міндеттерді атқаруға тиіс: құзыреті шегінде облыс әкімінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, басқа да жоғары тұрған ұйымдардың бұйрықтарының, қаулыларының, шешімдерінің, облыстық басқару алқасының бұйрықтары мен шешімдерінің, лауазымдық нұсқаулықтардың орындалуын қамтамасыз етеді; бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімдігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тиісті бөлімдерімен, облыстық департаменттермен, басқармалармен және басқа да органдармен өзара іс-қимыл жасайды; Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексімен бекітілген әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;  "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңының сақталуын қамтамасыз етеді; қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес электрондық құжат айналымы тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;  бекітілген стандарттарға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру бойынша жауапты тұлға болып табылады; бекітілген нысан бойынша шетелдік жұмыс күшіне қажеттілікті жинақтауды және шетелдік жұмыс күшін тартуға квота қалыптастыру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына енгізуді жүзеге асырады. Алдағы жылға Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне шетелдік жұмыс күшін тартуға өтінімнің уақтылы берілуін қамтамасыз етеді;  шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды алуға, ұзартуға және қайта ресімдеуге, ресімдеудің толықтығы мен дұрыстығына, белгіленген мерзімде қарауға жұмыс берушілер ұсынған құжаттарды тексеруді қамтамасыз етеді; шетелдік жұмыскердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы өзгерген жағдайда шетелдік жұмыс күшін тартуға бұрын берілген рұқсатты қайта ресімдеуді және шетелдік жұмыс күшінің рұқсатын тартуға, ұзартуға және қайта ресімдеуге берілген рұқсаттарды уақтылы дайындауды қамтамасыз етеді; уәкілетті органның қабылданған шешімі туралы жұмыс берушіге хабарлама жіберуді қамтамасыз етеді, жұмыс беруші рұқсат бергені үшін алымның енгізілгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін уақтылы ұсынған кезде рұқсаттарды көрсетілген мерзімдерде жұмыс берушіге жібереді, рұқсат бергені үшін салық алымының енгізілгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін қарайды және қабылдайды; келіп түскен сұраныстарға сәйкес салық органына және басқа ұйымдарға шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттар туралы мәліметтерді тоқсан сайын беруді қамтамасыз етеді;  бөлім қызметіне қатысты мәселелер бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер, кездесулер ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді. Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен және халықты жұмыспен қамту орталықтарына әдістемелік көмек көрсетеді;  Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың хаттарын, шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыз етеді. жұмыс барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының "Documentolog" электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі, "e-Otinish", "Е-Қызмет", "ШЖК" азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу үшін бірыңғай алаң, Word, Excel, Internet және т. б. офистік бағдарламалар ақпараттық жүйелерін пайдаланады;  шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның отырысын өткізеді;  Басқарманың ресми интернет-ресурсы және басқа да әлеуметтік желілер бөліміне қатысты өзекті ақпаратпен толтыруды қамтамасыз етеді. «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 21.09.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.09.2023 – 02.10.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі

Анықтама алу үшін байланыс

87788048559