Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары, индекс:2-2
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
441254
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Құқық
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Құқықтану
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қаржы
Қосымша талаптар
екі шет тілі (Білім))
Функционалды міндеттер
Жетекшілік ететін бөлімдердің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, жұмыстың негізгі және перспективалық бағыттарын айқындайды, функционалдық міндеттердің орындалуын бөледі және бақылайды және өз құзыреті шегінде басқарма қызметкерлерінің орындауы үшін тапсырмалар береді; • өз құзыреті шегінде облыс әкімінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің, басқа да жоғары тұрған ұйымдардың бұйрықтарының, қаулыларының, шешімдерінің, облыстық басқару алқасы мен әкімдіктің бұйрықтары мен шешімдерінің, лауазымдық нұсқаулықтардың орындалуын қамтамасыз етеді; • басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімдігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тиісті бөлімдерімен, облыстық департаменттермен, басқармалармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді; • белгіленген тәртіппен басқарма басшысы өткізетін отырыстарды, алқалар мен кеңестерді ұйымдастыруға, сондай-ақ облыстағы Халықты әлеуметтік қорғау жай-күйі мен деңгейін көтеру мәселелерін талқылау жөніндегі басқа да іс-шараларға қатысады; • басқарма қызметшілерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексімен бекітілген әдеп нормалары мен мінез құлық қағидаларын сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді; • "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңы басқармасы қызметшілерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды; • жетекшілік ететін бөлімдердің ережелерін, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын қалыптастыру және бекіту бойынша жұмысты үйлестіреді; • қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес электрондық құжат айналымы тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді; • өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарманың мүдделерін білдіреді және оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды; • мүгедектер істері жөніндегі үйлестіру кеңесі мен басқа да комиссиялардың отырыстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді; • аумақты дамыту бағдарламаларды және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың әлеуметтік саласымен және жұмыспен қамту көрсеткіштерінің болжамдарының орындалуын үйлестіреді әзірлейді қамтамасыз етеді. Әлеуметтік қамсыздандыру және жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді; • халықтың әлеуметтік осал топтарына атаулы-әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегін және әлеуметтік көмектің басқа да түрлерін ұсынуды, мүгедектерді кресло-арбалармен қамтамасыз етуді, ҰОС мүгедектері мен ҰОС қатысушыларына санаторий-курорттық емделуге жолдамалар бөлуді, оларға протездік-ортопедиялық көмек көрсетуді, сондай-ақ оңалтудың басқа да құралдарын уақтылы бөлуді үйлестіреді; • ведомстволық бағынысты мекемелердің, үкіметтік емес ұйымдардың сапалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі, үйде жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге, мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсету жөніндегі әлеуметтік көмек бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді; • Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарына сәйкес баға ұсыныстарын, ашық конкурстар мен мемлекеттік әлеуметтік сатып алу жөніндегі тапсырмаларды сұрата отырып, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; • Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке мәселелер бойынша қабылдауды жүзеге асырады; • жұмыс барысында "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымыының бірыңғай жүйесі «Documentolog», азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы «E-Otinish», «E-Қызмет», «Е-собес» ақпараттық жүйелерін, Әлеуметтік қызметтер порталын, Word, Excel, E-mail, Internet және т.б. кеңселік бағдарламаларын қолданады. «А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4
-
87788048559