Алматы облысы энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары, индекс: 02-01-3
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
441254
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Құқық
- Су шаруашылығы
- Құқықтану
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Мұнай газ ісі
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Инженерлік жүйелер және желілер
Қосымша талаптар
сумен жабдықтау, кәріз, су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау
Функционалды міндеттер
Басқарма басшылығының қарауына қатысты мәселелер жөнінде ұсыныстар енгізеді; жалпы басшылық ету жұмыс жоспарын әзірлеу, жүктелген қызметтер мен міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін басшының алдында жеке жауапкершілікте болады; бөлім басшылары арасында міндеттерді бөледі, тиісті орындау және еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді; облыс әкімі мен әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өкімдерін, шешімдерін, қаулыларын орындайды, үйлестіру жұмыстарын жүргізеді, сараптайды, ұсыныстар дайындайды, олардың көрсететін қызметтері үшін белгіленген тарифтерді қарайды, өзгерту туралы ұсыныстарды енгізеді; Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің жұмыстарына басшылық етеді және бақылайды, елді мекендерді электр қуатымен, жылумен, сұйық отынмен және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша жұмысын үйлестіреді. «А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі
-
87788048559