Алматы облысы цифрлық технологиялар басқармасының талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы, индекс: ОАИП-3
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын келісу, түзету, дайындау. Аталған бағдарламаны жүзеге асыру бойынша жоспарды дайындау және тиімділігіне мониторинг жүргізу. Ақпараттық жүйелерді қолдану барысында экономикалық шығындары мен орындылығы бойынша ұсыныстарды дайындау мен зерттеу. Жоғары тұрған органдарға, облыс әкімдігінің алқа мәжілісіне, облыс әкімінің тұрңындар алдындағы есебіне, брифингтер мен басқа да жиындарға бөлімнің тікелей жұмысына қатысты талдамалық құжаттар дайындау, Алдағы келер қаржы жылына қаржыландыру жоспарын әзірлеу, Қаржыны тиімді, мақсатты түрде игеруге жауапкершілікпен қарау. Басшыларға экономикалық көрсеткіштер, шолулар, анықтамалар, баяндамалар мен хабарламалар әзірлеу. Цифровизация саласында тиімді жобаларға болжау және талдау жасау. Талаптарға сәйкес бухгалтерлік есепке алу және есеп жүргізу мәселелерін реттейтін заңнамалық және нормативтік құжаттардың негізінде жұмыстарды ұйымдастырады және орындайды; бухгалтерлік және басқа құжаттардың (өндірістік, жеке құрамдық) сақталуын және мұрағатқа беру үшін олардың рәсімделуін қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады және орындайды;өз құзыреті шегінде облыстың аудан және қалалық жер қатынастары саласындағы өкілетті органдарына тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетеді;басқарманың материалдық мүлігінің сақталуын қамтамасыз етеді;Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де міндеттерді жүзеге асырады. «А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі
-
87788048559