Алматы облысы құрылыс басқармасының әлеуметтік сала бойынша обьект құрылысы бөлімінің бас маманы, индекс:ОСОСС-6

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Сәулет
  • Құрылыс

Функционалды міндеттер

Басқарма басшысына, басқарма басшысының орынбасарларына және тікелей бөлім басшысына бағынады;өзінің міндеттері шеңберінде Балқаш, Еңбекшіқазақ, Райымбек,  Талғар аудандары және  Қонаев қалаларына жауапты болады; бөлім жұмыстарының тоқсандық жоспарларының орындалуын қамтамасыз етеді;қала және аудан әкімдіктеріндегі (құрылыс бөлімдері) және басқармадағы жоба алдындағы және жоба құжаттамасын өңдеуге орындалатын жұмыстардыңұйымдастырылуын қадағалайды; бөлімнің құзыретіне кіретін сауалдар бойынша облыс әкімі   аппаратының бөлімдері, қала және аудан әкімдіктері, облыстық басқармалар және Министрліктермен өзара әрекет жұмыстарын ұйымдастырады; ағымдағы қаржылық жылда жергілікті бюджетті анықтау барысында бюджеттік сынаптама бойынша төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарын өзгертуге өтінімді өңдейді; қала және аудан әкімдіктері мен басқармаларында жобалау және жобалау алдындағы жұмыстарды қаржыландыруға жоспарлау бөліміне уақтылы өтінім дайындайды; жобалау және жобалау алдындағы құжаттаманы әзірлеуге келісім- шартқа отыру, сонымен қатар мемлекеттік сараптамадан өткізу бойынша уақтылы жұмыстарды орындайды;жобаланып жатқан нысандар мен құрылысы жүріп жатқан нысандар орнында жиналыстарға қатысады;жобалау және зерттеулік жұмыстардың құнына есеп әзірлейді;мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу үшін техникалық спецификация әзірлейді;қала және аудан әкімдіктерінен жобалауға керекті деректерді уақтылы алу бойынша жұмыстарды атқарады; жобалау тапсырмасын жасайды;жұмыс жобасын бекітеді;жобалаушы ұйымдармен орындалған жұмыстардың көлемін қабылдайды;жобалаушы ұйымдармен ұсынылған жоба-сметалық құжаттаманы  ҚР ҚН 1.02.-03-2011 «Құрылыстың жобалық құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі мен құрамы» сәйкестігіне, жұмыс сызбаларының  сарапшының ЭЦҚ қойылған сызбаларымен сәйкестілігін тексереді;жоба сметалық құжаттаманы өңдеу барысы жайлы техникалық жиналыстарға қатысады, техникалық кеңестердің хаттамаларын дайындайды; жетекшілік ететін сұрақтар бойынша ақпараттар және есептер әзірлейді; жоғары тұрған органдар және лауазымды тұлғаларға, басқарма басшылығына, өзге мекемелер және ұйымдарға ақпарат пен анықтама материалдарын жинақтап әзірлеуге қатысады; басқарманың басқа функцияларына, қажет болған жағдайда өзге жұмыстары мен қоғамдық шараларына қатысады; Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген мемлекеттік қызметшілердің өзге де міндеттері.«В» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 05.09.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.09.2023 – 14.09.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі

Анықтама алу үшін байланыс

87788048559