Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының әкімшілік және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы, индекс:ОАИПР-1

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-О-3 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану

Функционалды міндеттер

Дене шынықтыру және спортты дамытудың Тұжырымдамасын, Орта мерзімді даму бағдарламасын, Аумақтарды дамыту бағдарламасын әзірлеуге қатысады;Қазақстан Республикасы Президентінің халқына Жолдауын іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;Басқарманың тоқсандық және  ағымдағы жоспарларын құрайды,Басқарманың алқа мәжілісі отырысына материалдарды әзірлейді, ұйымдастыру мәселелерімен айналысады, алқа мәжілісінің хатшысы болып табылады;Басшылық ететін лауазымды тұлғалардың тапсырмаларын, құқықтық актілердің орындауын бақылауды жүзеге асырады; Облыс әкімінің, жетекшілік ететін облыс әкімі орынбасарының, басқарма басшысының хаттамалық тапсырмаларын орындау жөніндегі жиынтық ақпаратты дайындайды; Қызметтік құжаттар бойынша тапсырмаларды, азаматтардың өтініштерін орындайды; Деректі құжаттарды орындау бойынша басқарманың қызметі туралы жиынтық ақпаратты, анықтамаларды, есептерді әзірлейді;Кадр бойынша кейбір мәселелермен  айналысады;Кадр бойынша, азаматтардың өтініштері, басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің саны мен сапалық құрамы туралы статистикалық есептерді әзірлеп тапсырады;Басқарманың жеке құрам және негізгі қызмет бойынша бұйрықтарын әзірлейді,Басқарма қызметкерлерінің және бағынысты спорт мекемелері басшыларының жеке істерін жүргізеді, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметкерлерін жұмысқа алу, босату бойынша құжаттарды рәсімдейді; Уәкілетті органға бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдар туралы ақпарат береді;Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеу, біліктілік талаптарын бекіту, штаттық кестесін әзірлеу жұмыстарымен айналысады. Мемлекеттік қызметкерлерді дайындауды, қайта дайындауды, біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;Алматы облысының «Үздік жаттықтырушысы», «Үздік спорт қызметкері», «Спорт саласының үздігі» медальдарымен марапаттау бойынша жұмысты ұйымдастырады; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты ұйымдастырады (ішкі бақылау, талдау жұмыстары). Облыстық терроризмге қарсы комиссиясының жұмыс тобына кіреді, басқарма құзыры шегінде терроризмнің алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастырады.Шет елдерде өтетін халықаралық спорттық шараларда облыс мүддесін танытады; Техникалық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз етеді; Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етеді.  «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 13.09.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.09.2023 – 18.09.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4

Анықтама алу үшін байланыс

87788048559