Алматы облысы туризм басқармасының талдау және стратегиялық жоспарлау бөлімінің бас маманы, индекс:ОАИСП-2

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Аударма ісі
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Туризм
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

басқарманың перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын дайындайды;  Алматы облысында туризмді дамыту мәселелері бойынша жоғары тұрған органдар шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;  туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;  Алматы облысының туристік саласын дамыту бойынша аналитикалық жазбалар, анықтамалар дайындайды;  бағдарламалық құжаттар мен іс-шаралар жоспарларының іске асырылуын мониторингілейді; сервис сапасы бойынша туристердің болу, тұру және тамақтану орындарына мониторинг жүргізеді;  Алматы облысының туристік саласының ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлейді және жүзеге асырады;  әлеуетті туристік дестинацияларды анықтайды;  мемлекеттік саясатты іске асырады және Алматы облысы аумағында туристік қызметке мониторинг пен талдауды жүзеге асырады;  туристік қызмет көрсету нарығын талдайды және уәкілетті органға Алматы облысының аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді ұсынады;  өңірлік даму бағдарламасының іске асырылуына мониторинг және талдауды жүзеге асырады;  туристік ақпарат орталығының стратегиясын іске асыруды үйлестіреді;  Алматы облысының туристік саласын одан әрі дамытуды болжайды;  шет елдерде туристік саланы дамытудың қазіргі заманғы үрдістерін зерттейді;  басшылыққа туристік саланы одан әрі дамыту бойынша жаңа ұсыныстарды ұсынады; Қазақстанның басқа өңірлерінің туризмі бойынша мемлекеттік құрылымдармен өзара іс[1]қимыл жасайды; Алматы облысының туризмі бойынша статистикалық деректерді талдайды;  бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысы туралы ақпарат береді;  жоғары тұрған мемлекеттік органдарға жылдық және жартыжылдық есептерді ұсынады;  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның тікелей басшысы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.  «Documentolog» АЖ, «Е-лицензия» АЖ, «Е-Өтініш» АЖ, «Е-Қызмет» АЖ, «Protocol» АЖ, «ИПГО» АЖ, «Сот кеңсесі» АЖ басқа да бағдарламалары арқылы бөлімге келіп түскен құжаттарды қарайды, олардың белгіленген мерзімге сәйкес орындалуын бақылайды; халықаралық, республикалық, өңірлік туристік көрмелерге, роуд-шоуларға, воркшоптарға қатысу жолымен облыстың туристік әлеуетін ілгерілетеді;  халықаралық, республикалық, өңірлік туристік іс-шараларға (көрмелерге) қатысады;  Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де міндеттерді жүзеге асырады. «В» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 01.09.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.09.2023 – 12.09.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі

Анықтама алу үшін байланыс

87788048559