Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының олимпиадалық спорт түрлері, спорттық резервтер және мемлекеттік қызметтер бөлімінің бас маманы, индекс: ООВСИСР-4
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Функционалды міндеттер
Дене шынықтыру және спортты дамытудың Тұжырымдамасын, Орта мерзімді даму бағдарламасын, Аумақтарды дамыту бағдарламасын әзірлеуге қатысады; Облыс спортшыларының халықаралық, республикалық және облыстық жарыстарға қатысуы туралы апта сайынғы ақпарат, жоспар жасайды; Үздік спортшылардың халықаралық жарыстарға қатысқан нәтижелерін жинақтайды; Басқарманың алқа мәжілісіне материалдарды әзірлейді; Бөлімде іс жүргізумен айналысады, бекітілген істер номенклатурасына сәйкес папкаларды жүргізеді, мұрағатқа өткізеді; Облыста олимпиадалық спорт түрлерінің даму жағдайы туралы сипаттама, жиынтық есептерді әзірлейді; Бөлім жетекшілік ететін облыстық және республикалық жарыстарды ұйымдастырып, өткізеді; Жарыстарды өткізу жөніндегі ережелерді, сценарийлерді, жұмыс жоспарларын жасайды; Аудандық, қалалық спорт бөлімдерінің басшыларымен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, ҰШКжСРД-мен, спорт түрлері бойынша республикалық және облыстық федерациялармен, облыстық дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерімен, БЖСМ; ОРМБЖМ; ОРДО; ОСДБАМИ-мен, спорт түрлері бойынша республикалық және облыстық федерациялармен, полиграфиялық өнім шығару бойынша жарнама агенттіктерімен өзара әрекет етеді. Облыстың үздік спортшыларының, спорт түрлері бойынша құрама командаларының республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуын, олимпиадалық спорт түрлері бойынша облыстық, республикалық және халықаралық жарыстардың ұйымдастырылып өткізілуін қамтамасыз етеді; Олимпиадалық және жекпе-жек спорт түрлерінен күнтізбелік жоспарын әзірлейді; Спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін әзірлейді және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның келісуімен бекітеді; Облыс әкімінің, жетекшілік ететін облыс әкімі орынбасарының, басқарма бастығының хаттамалық тапсырмаларын орындау жөніндегі ақпаратты дайындайды; Қызметтік құжаттар бойынша тапсырмаларды, азаматтардың өтініштерін орындайды; Облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарды өткізу кезінде БАҚ ақпараттық қолдауын қамтамасыз етеді; Жаттықтырушылардың біліктілікті арттыру курстарынан өту жұмыстарын ұйымдастырады; Шет елдерде өтетін халықаралық спорттық жарыстарда облыс мүддесін танытады; Техникалық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз етеді; Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етеді. «А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі
-
87788048559