Алматы облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары, индекс:01-2
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
441254
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Қосымша талаптар
ихтиология және балық шаруашылығы
Функционалды міндеттер
Басқарманың орманды қалпына келтіру, орманды және жануарлар дүниесін қорғау, өсімдік пен жануарлар ресурстарын тиімді пайдалану мәселелеріне қатысты қызметіне бақылау жасау. Мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерінің орман шаруашылығы қызметтерін бақылау. Мемлекеттік орман қоры аумағында ормандағы өрттердің алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларының орындалуын қадағалау. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзық мерзімді пайдалануға беру, мемлекеттік тауар, жұмыс және қызмет көрсетулерді сатып алу бойыша конкурстар ұйымдастырып, өткізілуін қадағалау. Белгіленген заңнамалық тәртіппен Басқарма қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексіне, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы қолданыстағы нормалар мен қағидаларға сәйкес жобалау материалдарына объективті және сапалы мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуді және ІІ санаттағы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсат беру жұмыстарын қадағалау. Жануарлар дүниесін тиімді пайдалануды дамытудың мемлекеттік, аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру. Су ресурстарын қорғау, тиімді қолдану жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды қадағалау. Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге субсидияларды қадағалау; Акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялар қадағалау; Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың уақтылы және толық қамтылуын қамтамасыз етеді, мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданғандар үшін тәлімгерлікті, Басқарма қызметшілерінің тағылымдамасын, даярлығын, қайта даярлығын және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық Кодексіне сәйкес азаматтардың өтініштерін, шағымдарын қарайды және жеке мәселелері бойынша қабылдауды жүзеге асырады. Техникалық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз етеді; Ақпараттық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады. «А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4
-
87788048559