Алматы облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының сауданы дамыту бөлімінің бас маманы, индекс: 40-06-04

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Үкіметтің 2020 жылғы 2 қазандағы №633 қаулысымен бекітілген «Сауда базарларын ұйымдастыру қағидаларын» басшылыққа ала отырып, сауда базарларының қызметін реттейді, жаңғырту және заманауи форматқа көшу бойынша жұмыс жүргізеді. «Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығын басшылыққа ала отырып, ішкі және сыртқы сауданы дамытуды реттейді. Облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілген «Бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі» Ережеге сәйкес тұрақтандыру қорының қызметін реттейді және үйлестіреді. Бекітілген 9 сауда объектілері бойынша ӘМАТ-тың 19 атауына апта сайын баға мониторингін жүргізеді және ӘМАТ-тың 19 атауына 3 баға индексі бойынша диаграммаларды жасай және талдай отырып материал дайындайды (ағымдағы апта үшін, ай үшін және жыл басынан бастап). Word, Excel, E-mail, Internet, «Электрондық Үкімет» бағдарламаларымен компьютерде жұмыс істей білу, іс қағаздарын жүргізудің негіздерін, мемлекеттік тілді білу. «В» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 25.08.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.08.2023 – 06.09.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі

Анықтама алу үшін байланыс

87788048559