Алматы облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас маманы, индекс: 40-03-04
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Құқық
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Электр энергетикасы
- Қаржы
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау түрлері, тәртібі және шарттары туралы ақпараттық және түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырады. Арнайы экономикалық аймақтардың қызметіне бақылауды жүзеге асырады. Мүдделі мемлекеттік органдармен, даму институттарымен, кәсіпорындармен және ұйымдармен инновациялық қызметті және цифрландыруды дамыту мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастырады, кәсіпорындардың инновациялық белсенділігіне, өндірілген инновациялық өнімнің көлеміне, сондай-ақ цифрландыру элементтерін енгізуге талдау жүргізеді. Өңдеу өнеркәсібінің (тамақ, фармацевтика, химия, жеңіл, металлургия және т. б.) басым салаларының дамуына талдау жүргізеді және олардың қызметінің көрсеткіштерін жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлейді. Өнеркәсіпті дамытудың нақты көрсеткіштеріне ай сайынғы талдау жүргізуді қамтамасыз етеді, облыстың қалалары мен аудандарының кәсіпкерлік бөлімдерімен бірлесіп көрсеткіштердің төмендеу себептерін анықтайды, өнеркәсіптің күтілетін көрсеткіштері бойынша деректерді дайындайды. Бөлімнің негізгі қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды қамтамасыз етеді. Жаңартылатын энергия көздері саласындағы Жобаларды талдау бойынша жұмыс жүргізеді. Жұмыс істеп тұрған энергия желілеріне жүктемені әртараптандыру мақсатында энергия тұтыну бөлігінде жұмыс істеп тұрған және жоспарланып отырған кәсіпорындардың өндірістік қуаттылықтарына талдау жүргізеді. Алматы облысының аумағында инвестициялық өнеркәсіптік жобаларды орналастыру үшін ұсыныстар әзірлейді. Word, Excel, E-mail, Internet, «Электрондық Үкімет» бағдарламаларымен компьютерде жұмыс істей білу, іс қағаздарын жүргізудің негіздерін, мемлекеттік тілді білу. «В» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі
-
87788048559