Алматы облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының инвестиция және аналитикалық-жинақтау бөлімінің бас маманы, индекс: 40-02-03
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Құқық
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Қаржы
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму және аумағын дамыту жоспарларында индустриялық және арнайы экономикалық аймақтарды дамытуға қатысу. Алматы облысы аумағындағы инвестициялық жобалардың іске асуына қолайлы жағдайлар жасау. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ Кәсіпкерлік кодексінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 482 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2026 жылға дейінгі инвестициялық саясат Концепциясы шеңберінде инвестициялық саясатты іске асыру бойынша облыстың нысаналы бағдарламаларын әзірлеуге, қамтамасыз етуге және орындауға қатысу. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 482 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2026 жылға дейінгі инвестициялық саясат Концепциясы шеңберінде негізгі капиталға инвестициялар тарту бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша бақылау. Алматы облысының іс-шаралар жоспарына сәйкес инвесторларды тарту мәселелері бойынша өңірлік кеңестің отырыстарын ұйымдастыру және өткізу. Word, Excel, E-mail, Internet, «Электрондық Үкімет» бағдарламаларымен компьютерде жұмыс істей білу, іс қағаздарын жүргізудің негіздерін, мемлекеттік тілді білу. «В» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі
-
87788048559