Алматы облысы әкімі аппаратының протокол және ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас инспекторы, индекс:ОПИОР-5

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

Категория D-3

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

4) кеңесші және көмекші лауазымдарына жұмыс тәжірибесі қажет емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

    Қосымша талаптар

    Функционалды міндеттер

    Жетекшілік ететін аудандар мен Қонаев қаласы аппаратының қызметін үйлестіруді және талдауды жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы органдардың қызметіне және жетекшілік ететін аудандар мен Қонаев қалаларының әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық-саяси жағдайды тұрақтандыруды жүзеге асыру бойынша жергілікті атқарушы органдар қолданатын шараларға мониторинг пен талдау жүргізеді. Облыс әкімінің жұмыс айналымдары үшін материалдар дайындауды қамтамасыз етеді, аралау барысында берілген тапсырмалардың орындалуын бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады. Облыс әкімі оның орынбасарлары, облыс әкімі аппаратының басшысы өткізетін әкімдік отырыстарын, кездесулерді, кеңестерді және басқа да іс-шараларды ақпараттық және талдамалық қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімі өткізетін әкімдік отырыстарын, кездесулерді, аппараттық кеңестерді, басқа да іс-шараларды ақпараттық-талдамалық сүйемелдеуге қатысады. Президент Әкімшілігімен, Үкіметпен, Парламентпен, Алматы облысының мәслихатымен, мемлекеттік органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Облыс әкімінің қатысуымен іс-шараларды, оның ішінде көшпелі іс-шараларды дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді. Бөлімнің құзыреті шегінде жетекшілік ететін аудандар мен Қ. Қонаевтың Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімінің және Алматы облысы әкімі аппаратының актілерін дайындау және орындау процесіндегі қызметін үйлестіреді. Бөлімнің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, облыс әкімінің, Алматы облысы әкімі аппараты басшысының қатысуымен іс-шараларды (жұмыс сапарларын) ұйымдастыруға және өткізуге қатысады. Облыс әкімінің, оның ішінде көшпелі кеңестерді дайындауға және өткізуге қатысады. Бөлімге, оның ішінде мемлекеттік органдар арқылы келіп түскен жеке және заңды тұлғалар азаматтарының өтініштерін, сондай-ақ депутаттық өтініштер мен сұрау салуды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес қарайды. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындайды. «А» - функционалдық блогы.

    Ескертпе

    Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


    Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
    Тестілеу бағдарламалары

    Жарияланған күні: 24.08.2023

    Ішкі конкурс

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    25.08.2023 – 29.08.2023
    Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

    Қажетті құжаттар

    • Тізімᅠ
    • Өтініш үлгісіᅠ
    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу орны

    Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі

    Анықтама алу үшін байланыс

    87788048559