Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының тауарлар мен қызмет атқаруларды мемлекеттік сатып алу бөлімінің жетекші маманы, индекс:ОТИГУ-4
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-5 санатындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Қосымша талаптар
экономика, бухгалтерлік есеп және аудит
Функционалды міндеттер
Қарауға келіп түскен Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілері мен тапсырмаларын, Алматы облысы әкімдігінің, басқарма басшылығының тапсырмаларын белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындау. Бөлімнің, Басқарманың жұмыс жоспарларын іске асыруға қатысу. Комиссияның мүшесі, хатшысы ретінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық/аукциондық комиссияның жұмысына қатысу. Тауарлар мен қызмет атқаруларды мемлекеттік сатып алу рәсімдерін уақтылы және заңды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Мемлекеттік сатып алу процесін жақсарту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстар енгізу; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін құзыреті шегінде қарау, оларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауаптар беру. Бөлімнің, Басқарманың құзыреті шегінде кіріс хаттарды, тапсырмаларды, бекітулерді қарау оларға жауаптарды ұсыну; Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын, мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулерді, сондай-ақ ішкі тәртіп ережелерін сақтау. Қазақстан Республикасының заңнамасына, Басқарма басшылығының тапсырмаларына сәйкес өзге де міндеттерді орындау. «А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі
-
87788048559