Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы,индекс:ОЭИБП-1

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-О-3 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Бухгалтерлік есеп және аудит
  • Қаржы және кредит

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Бөлімге жалпы басшылық жасайды, бөлімге жүктелген міндеттерді орындау үшін жауап береді. Облыс деңгейінде денсаулық сақтау саласының бюджетінің жобасын облыстық бюджеттік комиссияда талқылауға құжаттар дайындау және облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бекітілген мерізімде облыс деңгейінде денсаулық сақтау саласының бюджетінің жобасын тапсыру, бюджеттік кодексті басшылыққа алып жұмысты ұйымдастыру. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүесі туралы» Кодекс шеңберінде медицина қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру, сондай–ақ олардың еңбек жағдайларын жақсарту мәселелері жөнінде анықтамалық және талдамалық материал дайындау, Денсаулық сақтау дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру.  «Дені сау Ұлт», «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобаларының ісшараларына бағытталған шығыстар бойынша бюджеттік өтінімді әзірлеу.  «Дені сау Ұлт», «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобаларының ісшараларының шығыстарын нақтылау бойынша міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына түзетулер мен өзгерістер енгізу.  Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мекемелерін ұстауға арналған бюджеттік сыныптаманың ерекшеліктеріне сәйкес есептерді құрастыру және облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінімді ұсыну.  Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы бойынша бюджеттің міндеттемелер және төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарын, орындалуы туралы ақпаратты облыстық қаржы басқармасына тапсыру.  Бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөлу, олардың орындалуын қадағалау.  Ағымдағы айлық, тоқсандық бақылаудағы  бөлімнің тиісті хаттары мен құжаттарының, бюджеттік жоспарлауға қатысты шешімдер, қаулылар мен тапсырмалардың орындалуын қадағалау және оларға жауаптар әзірлету. Жыл сайын "Ашық Үкімет" порталына Денсаулық сақтау басқармасының ашық бюджетін орналастырады , бюджетті нақтылау және түзету кезінде өзгерістер енгізеді.  Қысқа және орта мерзімдік жоспарларды бағдарлау, кешендік жоспарларды құрастыру.  Тұрғылықты жерде азаматтарды өтініштерімен қабылдау, «е-Оtinish» жүйесіндегі бағдарламамен жұмысты жүргізуді ұйымдастыру. Бақылауда тұрған құжаттарды уақытылы орындайды. «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 18.08.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.08.2023 – 29.08.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі

Анықтама алу үшін байланыс

87788048559