Алматы облысы әкімі аппаратының инспекторлық бақылау және жобалық кеңсе бөлімінің бас инспекторы, индекс:ОИКИПО-15

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

Категория D-3

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

4) кеңесші және көмекші лауазымдарына жұмыс тәжірибесі қажет емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

    Қосымша талаптар

    Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім

    Функционалды міндеттер

    Аудандарға және Қонаев қаласына, облыстық басқармаларға және облыстың аумақтық органдарына бөлуге сәйкес жетекшілік ету; "Қазақстандықтардың әл – ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу"; Қазақстан Республикасының 2021 – 2025 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі; 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі; "Күшті өңірлер-елді дамытудың драйвері"; "Қауіпсіз ел"; "Сапалы білім "Білімді ұлт"Ұлттық жобаларын іске асыруға қатысады; "Әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" салауатты ұлт"; "Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс"; "Жасыл Қазақстан"; "Ұлттық рухани жаңғыру"; "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" заңның іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады, жетекшілік ететін аудандар мен Қонаев қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру мәселесі бойынша материалдарды дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Алматы облысы әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының орындалу барысын, жетекшілік ететін аудандарда және Қонаев қаласы мен басқармаларда мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың іске асырылуын бақылайды;"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Заңды іске асыруға қатысады, жетекшілік ететін аудандарда және Қонаев қаласынада сайлау округтері мен учаскелерінің, олардың шекараларының, сайлаушылар тізімдерінің қалыптасуына бақылауды жүзеге асырады. Жетекшілік ететін аудандар мен Қонаев қалаларындағы сайлау процестерін ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету іс-шараларына қатысады;Облыс әкімінің кездесулерінде тұрғындар ұсынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысын бақылауды жүзеге асырады;Жетекшілік ететін аудандар мен Қонаев қаласына жұмыс сапарлары барысында облыс әкімі берген тапсырмалардың орындалуына, сондай-ақ кеңестерде бақылауды жүзеге асырады;Бағдарламалық құжаттарды іске асыру, аудандардың және Қонаев қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы, Президент пен оның Әкімшілігінің, Үкіметтің, Премьер-Министрдің және оның орынбасарларының, облыс әкімінің тапсырмалары бойынша инспекция жүргізу үшін аудандарға және Қонаев қалаларына жоспарлы/жоспардан тыс сапарларды (қажет болған жағдайда уәкілетті жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін тарта отырып) жүзеге асырады;Жергілікті атқарушы органдардың қызметіне және жетекшілік ететін аудандар мен Қонаев қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық-саяси жағдайды тұрақтандыруды жүзеге асыру бойынша жергілікті атқарушы органдар қолданатын шараларға мониторинг пен талдау жүргізеді; Көшпелі инспекторлық тексерулердің нәтижелері бойынша өзекті мәселелерді шешудің ұсыныстарымен Талдамалық жазбалар дайындайды;Анықталған бұзушылықтарды, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтамау және Президенттің, Үкіметтің, Премьер-Министрдің және облыс әкімінің тапсырмаларын орындамау фактілерін жою бойынша орындауға міндетті актілер енгізеді;Жетекшілік ететін аудандардың және Қонаев қаласының, басқармалар мен департаменттердің, олардың қызметін талдау және бөлім алдына қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттар мен ақпараттардың уақтылы орындалуын және ұсынылуын қамтамасыз етеді;Жетекшілік ететін аудандар мен Қонаев қаласы бойынша пайдалануға берілетін объектілерге талдау жүргізеді.ҚР Президенті Әкімшілігінен және Премьер-Министрі кеңсесінен күнделікті, апта сайынғы есептерді ұсынуды қамтамасыз етеді;Облыс әкімдігі отырыстарының материалдарын басқа құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп дайындауды қамтамасыз етеді;Облыс әкімінің қатысуымен өтетін ағымдағы кеңестерге, семинарларға, конференцияларға материалдар дайындауға қатысады.Жобалық басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды, индикаторларды орындауды қамтамасыз етеді;Аудан және қала әкімдерін, облыс әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді;Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;Қауіпсіздік техникасын сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді;Ақпараттық қауіпсіздікті сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді.Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да міндеттерді жүзеге асырады.«А» - функционалдық блогы.

    Ескертпе

    Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


    Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

    Жарияланған күні: 17.08.2023

    Жалпы конкурс

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    18.08.2023 – 28.08.2023
    Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

    Қажетті құжаттар

    • Тізімᅠ
    • Өтініш үлгісіᅠ
    • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу орны

    Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі

    Анықтама алу үшін байланыс

    87788048559