Алматы облысы құрылыс басқармасының экономика және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы, индекс:ЭЖБЕБ-4
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Қосымша талаптар
бухгалтерлік есеп
Функционалды міндеттер
Басқарма басшысына, басқарма басшысының орынбасарларына және тікелей бөлім басшысына бағынады;құрылыс саласында тапсырмаларды іске асырумен байланысты функцияларды орындайды; басқарманың бюджеттік бағдарламаларын жоспарлау бойынша жұмысты жүзеге асырады (білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй, инженерлік желілер және т. б. салалары бойынша); Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын басқарудың бюджеттік бағдарламасын әзірлейді және жоғары тұрған органдармен келіседі; Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес республикалық, жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын нысаналы трансферттер бойынша бюджеттік бағдарламаларды әзірлейді және құрылыс басқармасы мен аудандар әкімдіктері (құрылыс бөлімдері) арасында келіседі;жоспарды әзірлеу, инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру мәселелері бойынша Басқарманың құрылымдық бөлімшелерімен, аудандар және қалалар әкімдіктерімен (құрылыс бөлімдері), облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен өзара іс-қимыл жасайды;республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу (бір айдан бір айға ағымдағы жылжулар);республикалық бюджет және жергілікті бюджет есебінен нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы аралық және қорытынды есептерді дайындайды;жетекшілік ететін мәселелер бойынша есептер мен ақпаратты уақтылы дайындауды қамтамасыз етеді;«1С МЕКЕМЕ» Бағдарламасында жұмысты жүзеге асыру;бөлінген қаражаттың игерілуін және тиімділіктің жыл сайынғы бағалануын жинақтайды және дайындайды; жоғары тұрған органдар және лауазымды тұлғаларға, басқарма басшылығына, өзге мекемелер және ұйымдарға ақпарат пен анықтама материалдарын жинақтап әзірлеуге қатысады;басқарманың басқа функцияларына, қажет болған жағдайда өзге жұмыстары мен қоғамдық шараларына қатысады; Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген мемлекеттік қызметшілердің өзге де міндеттері.«В» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі
-
87788048559