Алматы облысы энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының энергетика және энергия үнемдеу бөлімінің басшысы, индекс: 02-05-1
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Қосымша талаптар
бизнес, басқару және құқық
Функционалды міндеттер
Бөлім жұмысына басшылық жасайды, жұмыс жоспарын әзірлейді, бөлімге жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді; Басқарма басшылығының қарауына бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді; бөлімге жалпы басшылық жасайды және жұмыс жоспарын әзірлейді, бөлімге жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету үшін басшы мен оның орынбасарларының алдында дербес жауапты болады; бөлімнің құзыретіне жататын жеке, заңды тұлғалардан, бюджеттік мекемелерден, қалалар мен аудандар әкімдіктерінен келіп түскен өтініштерге жауап береді және жұмысты ұйымдастырады; Облыс елді мекендерінің энергетикалық кешені объектілерінің қызметіне қатысты мәселелерге жетекшілік етеді, ондағы энергетика кәсіпорындарымен, сонымен қатар табиғи монополияларды реттеу жөніндегі уәкілетті органмен, салалық институттарымен өзара әрекет етеді; энергетика объектілерін күзгі-қысқы кезеңге уақытында дайын болуын қамтамасыз етеді, үйлестіреді, бақылайды; елді мекендерді электр қуатымен, жылумен, сұйық отынмен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде үйлестіреді; бюджеттік қаражаттардың уақытылы және айлық игерілуін қамтамасыз етеді, қадағалайды; энергия үнемдеу бағытында бақылайды, үйлестіреді, ұйымдастырады, шараларын жүзеге асырады; қайта жаңғыратын энергия көздерін дамыту бойынша ұйымдастыру шараларын жүзеге асырады; Мемлекеттік–жекешелік әріптестік шеңберінде жылумен жабдықтау жобаларын әзірлейді және іске асырады; трансферт есебінен іске асырылатын жылумен жабдықтау жобалары бойынша конкурстық рәсімдерді өткізеді, мониторинг жүргізеді. «А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі
-
87788048559