Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімінің бас инспекторы (негізгі қызметкердің 08.07.2024 жылға дейін уақытша бала күту демалысында болуына сәйкес), индекс:ОПЗГС-2
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
4) кеңесші және көмекші лауазымдарына жұмыс тәжірибесі қажет емес.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Функционалды міндеттер
Құпиялық режимді қамтамасыз ету мәселесі бойынша нұсқаулықтар мен жадынамалар әзірлеу, сондай-ақ облыс әкімдігінде жабық мәжілістер мен отырыстар өткізу кезінде құпиялық режимді қамтамасыз ету шараларын өткізу. Құжаттардың - құпиялық дәрежесін (грифтерін) құпияландыру, дұрыс белгілеу және өзгерту жөніндегі жұмысты жүргізеді. Өте құпия және құпия істердің номенклатурасын әзірлеу, олардың дұрыс жүргізілуін және сақталуын бақылау. Құпия құжаттарды, істерді және басқа құжаттамалық материалдарды, іс жүзінде мәнін жойған, сондай-ақ тарихи немесе басқадай құндылығы жоқ істерді акт бойынша жою үшін құпия құжаттарды бағалау жөніндегі сараптау комиссиясының жұмысына қатысу. Қызметкерлер арасында техникалық оқуды ұйымдастыру, құпия материалдармен жұмыс істейтін орындаушылардың жұмыс орнын тексерудің есебін жүргізу. Бөлімге жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асырады. «В» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі
-
87788048559