Алматы облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметінің бас инспекторы, индекс:СВА-2
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
4) кеңесші және көмекші лауазымдарына жұмыс тәжірибесі қажет емес.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Қосымша талаптар
сертификаттың бар болуы.
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік аудит объектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау. Бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындау. Мемлекеттік аудитті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестікте жүргізу. Мемлекеттік аудит нәтижесінде алынған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, оның ішінде мемлекеттік құпияларға, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияға қатысты мәліметтерді жария етпеу. Қызметтік және кәсіптік этика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың талаптарын сақтау. Жүктелген міндеттерді, тапсырмаларды, хаттамалық тапсырмаларды уақтылы, сапалы және толық көлемде орындау. Тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру процесін үйлестіру. Мемлекеттік аудит объектілеріне берілген ұсынымдардың орындалу процесін үйлестіру. Қызметтің атқарылған жұмысы туралы Басшылық үшін жыл сайынғы есепті, сондай-ақ Қызметтің жылдық және тоқсан сайынғы жұмыс жоспарлары мен оқыту жоспарын қалыптастыру процесін үйлестіру. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға олардың сапасын бақылау үшін жіберілетін құжаттардың рәсімделуіне және мазмұнына мониторинг жүргізу. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі базаны уақтылы және сапалы толтыруды қамтамасыз ету. Алматы облысының мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесінің отырысын дайындау процесін үйлестіру. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға жолдау үшін жүргізілген аудит бойынша материалдарға, есептік ақпаратқа мониторинг жүргізу және дайындау. Ішкі аудит қызметінің құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарау және олар бойынша жауаптар дайындау. «А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі
-
87788048559