Алматы облысы әкімі аппаратының заң бөлімінің бас инспекторы, индекс:ЮО-3
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
4) кеңесші және көмекші лауазымдарына жұмыс тәжірибесі қажет емес.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Қосымша талаптар
азаматтық құқық және / немесе заңтану және / немесе заң кеңесшісі
Функционалды міндеттер
Облыс әкімінің талап - арыз жұмысын жүргізеді, соттарда сенімхат бойынша облыс әкімінің, облыс әкімдігінің, облыс әкімі аппаратының мүдделерін білдіреді; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарауды қамтамасыз етеді; Облыстың жергілікті атқарушы органдарына шағым-талап жұмысы бойынша облыс әкімдігінің құрылымында тұратындарға практикалық көмек көрсетеді және құқық қорғау органдарында облыс әкімінің, әкімдігінің, облыс әкімі аппаратының мүдделерін білдіреді; Құқық қорғау органдарында облыс әкімінің, облыс әкімі аппаратының, облыс әкімдігінің мүдделерін білдіреді. Мемлекеттік органда құқықтық мәселелер бойынша жалпыға бірдей құқықтық оқытуды жүргізуді ұйымдастырады; Әкімдіктің, облыс әкімі аппаратының қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді; Ақпараттық қауіпсіздік бойынша сақтау шараларын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. «А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі
-
87788048559