Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, индекс:Р-4

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-О-2 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

441254

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Жалпы медицина

Қосымша талаптар

қоғамдық денсаулық сақтау және / немесе акушерлік және гинекология, оның ішінде балалар және / немесе медицина және/немесе емдеу ісі

Функционалды міндеттер

Акушерлік-гинекологиялық және педиатриялық көмек бойынша басшылықты және жұмысты жоспарлауды іске асырады; Тұрғындарға акушерлік-гинекологиялық және педиатриялық көмекті жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды әзірлейді және енгізеді;  Ана және перинаталдық өлімнің алдын алуға болатын барлық жағдайларын, ауыр акушерлік асқынуларды және гинекологиялық науқастар өлімінің себептерін талдайды; Жергілікті органдар мен денсаулық сақтау мекемелерінің, жеке мамандардың жолдамалары бойынша, сондай-ақ, өз бетінше жүгінген науқастарға кеңес береді, күрделі жағдайларда науқастарды емдеу бойынша соңғы шешім қабылдайды, науқастарды емделуге жіберу үшін, көрсетілімдердің болуын анықтайды; Науқастарға жергілікті жерлерде кеңес беру және тәжірибелік көмек көрсету үшін, іссапарларды іске асырады; Науқастарға емдеу тактикасын таңдау бойынша мамандарға олардың жүгінуі кезінде консультативтік көмек көрсетеді; Тұрғындарға медициналық көрсетуді одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды әзірлейді және енгізеді; Мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу институттарымен және ғылыми орталықтарымен үнемі байланыста болады. Вакцинаны басқару инфекцияларымен сырқаттанушылықты төмендету бойынша ересектер мен балаларға профилактикалық екпелерді жүргізуге бақылауды іске асырады. «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 26.05.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.05.2023 – 31.05.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4

Анықтама алу үшін байланыс

87788048559