Алматы облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының арнаулы әлеуметтік қызметтерді және мүгедектерді оңалту жөніндегі жұмыстарды үйлестіру бөлімінің бас маманы, индекс:5-3
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Құқық
- Құқық және экономика негіздері
- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
- Құқықтану
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлеуметтік жұмыс
- Қаржы
Қосымша талаптар
қаржы және несие және / немесе бухгалтерлік есеп және аудит және / немесе мемлекеттік басқару және / немесе әлеуметтік педагогика
Функционалды міндеттер
Өз құзыреті шегінде облыс әкімінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің, басқа да жоғары тұрған ұйымдардың бұйрықтарының, қаулыларының, шешімдерінің, облыстық басқару алқасы мен әкімдіктің бұйрықтары мен шешімдерінің, лауазымдық нұсқаулықтардың орындалуын қамтамасыз етеді;Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімдігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тиісті бөлімдерімен, облыстық департаменттермен, басқармалармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің этикалық кодексімен бекітілген этикалық нормалардың және ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңының сақталуын қамтамасыз етеді;Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес электрондық құжат айналымы тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;Субъектілердің стационар, уақытша болу, арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуін қамтамасыз етеді.Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктерге талдау жүргізуді жүзеге асырады. Есептерді, мәліметтерді қабылдауды және жинауды және жоғары тұрған органдарға ұсынуды жүзеге асырады;Стационар, уақытша болу, арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемінен тыс ұсынылатын арнаулы әлеуметтік қызметтердің қосымша көлемі жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру үшін қажетті қаражатты жоспарлауды жүргізеді. Техникалық сипаттаманы әзірлейді. Бюджет қаражатының игерілуіне, қайтарылуына мониторингті жүзеге асырады.Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, өмірлік қиын жағдайларға тап болған адамдар үшін әлеуметтік бейімдеу орталығында арнаулы әлеуметтік қызметтер алатын адамдар бойынша мәліметтер жинауды қамтамасыз етеді және Министрлікке жібереді;Мерзімінен бұрын немесе кезекті аттестаттаудан өтетін әлеуметтік қызметкерлердің тізімін қалыптастырады, аттестаттаудан өту кестесін жасайды; әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;Ведомстволық бағынысты мекемелердің жылыту маусымына дайындық жұмыстарын ұйымдастырады;Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдарында мереке күндері кезекшілікті ұйымдастыруды бақылайды;Өмірлік қиын жағдайларға тап болған адамдарды арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту бойынша талдауды қамтамасыз етеді және Министрлікке жібереді;Қызметтерді алушылардың деректерін "Е-собес"АЖ-ға енгізуді бақылайды;Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік көмекті жинауды, талдауды және есепке алуды жүзеге асырады. Е-собес компьютерлік базасын тұрақты жүргізу және аудандық және қалалық бөлімдердің базаларын бақылау;Жобалық басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды, индикаторларды орындауды қамтамасыз етеді, мониторингті жүзеге асырады, оларға қол жеткізу бойынша ұсыныстар енгізеді және жоғары тұрған органдарға ақпарат береді. Ақпараттық жүйені толтыруды қамтамасыз етеді "Easyproject.com" жобалық басқару бойынша есептер жасайды және оларды жоғары тұрған органға ұсынады;Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың хаттарын, шағымдарын қарайды;Жұмыс барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының "Documentolog" электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі, "e-Otinish" , "Е-Қызмет", "еңбек нарығы", "азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу үшін бірыңғай алаң ақпараттық жүйелерін пайдаланады easyproject.com", Word, Excel, Internet және т. б. кеңсе бағдарламалары. «А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі
-
87788048559