Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасының техникалық бақылау және әкімшілік бөлімінің бас маманы, индекс: 03-03

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Кадрлар жөнінде іс жүргізу жұмыстарын жүзеге асырады;Басқарма бойынша шығарылған барлық бұйрықтарды қазақ тілінде тіркеуге алу;Басқарма қызметкерлерінің Әскери есебін жүргізу;Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген баспа-бланкі өнімдерінің есебін жүргізу;Басқарманың жұмыстарының мемлекеттік тілде жүргізілуіне, алқа мәжілістеріне дайындалатын құжаттардың дұрыс толтырылуына көмектесу;Іс қағаздар номенклатурасын дайындап бекітуге ұсыну;.Құрылымдық бөлімшелерге, қызметкерлерге бөлімнің құзырына жататын мәселелер бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету;Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне және облыс әкіміне жіберілетін қызметкерлердің марапаттау құжаттарын дайындау;Басқа бөлімдермен бірлесе отырып, басқарма аппаратының жұмысын жақсарту жөнінде жаңа әдістері мен формаларды іздестіріп, соны іс жүзеге асыруға ат салысу;Электронды құжаттама айналымы арқылы түскен құжаттар айналымын тіркеп, орындалуын қадағалау;Е-өтініш бағдарламасына келіп түскен Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу;Мұрағат жұмысын ұйымдастыру, «Құжаттардың бірыңғай архиві» ақпараттық жүйесінде жұмыстарды атқару;Техникалық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету;Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз ету. «В» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 28.04.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.05.2023 – 12.05.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі

Анықтама алу үшін байланыс

87788048559