Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік қызметтерді көрсету бөлімінің басшысы, Индекс 7-1
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Құқық және экономика негіздері
- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
- Құқықтану
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлеуметтік жұмыс
- Қаржы
Қосымша талаптар
заңтану
Функционалды міндеттер
Өз құзыреті шегінде облыс әкімінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің, басқа да жоғары тұрған ұйымдардың бұйрықтарының, қаулыларының, шешімдерінің, облыстық басқару алқасы мен әкімдіктің бұйрықтары мен шешімдерінің, лауазымдық нұсқаулықтардың орындалуын қамтамасыз етеді.Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімдігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тиісті бөлімдерімен, облыстық департаменттермен, басқармалармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.Белгіленген тәртіппен басқарма басшысы өткізетін отырыстарды, алқаларды және кеңестерді ұйымдастыруға, сондай-ақ бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау жөніндегі басқа да іс-шараларға қатысады.Бөлім қызметшілерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексімен бекітілген әдеп нормалары мен мінез құлық ережелерін сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді."Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңы бөлімі қызметшілерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес электрондық құжат айналымы тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді.Бөлімнің тоқсандық, жылдық жұмыс жоспарларын жасауды, істер номенклатурасына сәйкес материалдарды, құжаттарды қалыптастыруды және жинауды қамтамасыз етеді. Бөлім ережесін, бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеуді қамтамасыз етеді.Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде рұқсаттар беру және (немесе) ұзарту жөніндегі жауапты тұлға болып табылады. Тиісті органдарға мемлекеттік қызмет бойынша мәліметтер мен есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді.Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның, шетелдік жұмыс күшін тартуға квота қалыптастыру жөніндегі комиссияның қызметін ұйымдастырады. Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беруді ұйымдастыруға көмек көрсетеді. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды алуға, ұзартуға және қайта ресімдеуге жұмыс берушілер ұсынған құжаттарды, оның ішінде ресімдеудің толықтығы мен дұрыстығына интракопротаивтік ауыстыру шеңберінде уақтылы тексеруді қамтамасыз етеді.Шетелдік жұмыскердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы өзгерген жағдайда шетелдік жұмыс күшін тартуға бұрын берілген рұқсатты уақтылы қайта ресімдеуді және шетелдік жұмыс күшінің рұқсатын тартуға, ұзартуға және қайта ресімдеуге берілген рұқсаттарды уақтылы дайындауды қамтамасыз етеді.Уәкілетті органның қабылданған шешімі туралы жұмыс берушіге хабарламаның уақтылы жіберілуін қамтамасыз етеді, жұмыс беруші рұқсат бергені үшін алымның енгізілгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін уақтылы ұсынған кезде рұқсаттарды көрсетілген мерзімдерде жұмыс берушіге жібереді, рұқсат бергені үшін салық алымының енгізілгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін қарайды және қабылдайды.Бөлім қызметіне қатысты мәселелер бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер, кездесулер ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді. Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне және халықты жұмыспен қамту орталықтарына әдістемелік көмек көрсетеді. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың хаттарын, шағымдарын қарайды.Жұмыс барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының "Documentolog" электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі ақпараттық жүйелерін, "e-Otinish" , "Е[1]Қызмет", "қандас", "ШЖК", "азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу үшін бірыңғай алаңды пайдаланады easyproject.com", Word, Excel, Internet және т. б. кеңсе бағдарламаларын пайдаланады. «А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4
-
87788048559