Алматы облысы жер қатынастары басқармасының жер кадастры бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің 04.10.2025 ж. дейін бала күту демалысында болуына сәйкес), индекс:03-2
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Агрономия
- Жерге орналастыру
- Құқықтану
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
- Топырақтану және агрохимия
- 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
- Кадастр
- Бағалау
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Жоғары тұрған органдарға бекітілген нысандарға сәйкес есептерді жинақтау, құрастыру, орындау және уақытылы ұсыну. Аудандардың (облыстық маңыздағы қалаларының) деректері негізінде облыстың жер теңгерімі есептерін жинақтау және қалыптастыру. Жоғары тұрған ұйымдардан келіп түсетін бақылаудағы және басқа құжаттарды мерзімінде орындау. Қалалардың, аудандардың және ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі ақпаратты дайындау. Облыс бюджетіне жер салығынан, жерді жалға алудан, ауыл шаруашылық мақсатындағы емес жерлерді сатудан түскен қаржы туралы мәліметті жинау. Облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау жөніндегі жұмыстарды атқарады. Ауылдық аумақтар мониторингі бағдарламасы бойынша (жер ресурстары, № 2 үлгі) мәліметтер дайындау және тапсыру. Жер заңдылықтарын орындауға қатысты мәселелер бойынша сот процестеріне қатысады. Өз құзыреті шегінде облыстың аудан және қалалық жер қатынастары саласындағы өкілетті органдарына тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетеді. «В» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі
-
87788048559