Алматы облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы, индекс:ООР-6

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-3

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

    Қосымша талаптар

    Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

    Функционалды міндеттер

    Қазақстан Республикасының жергілікті өзін – өзі басқаруын дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыруды жүзеге асыру; "Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу"; Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған; 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту бойынша; "Мықты өңірлер-ел дамуының драйвері"; "Қауіпсіз ел"; "Сапалы білім "Білімді ұлт"; "Әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау "Салауатты ұлт"; "цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс"; "Жасыл Қазақстан"; "Ұлттық рухани жаңғыру"; жетекшілік ететін өңірлерде 2025 бизнес картасының Жол картасын іске асыруды қамтамасыз ету; "Әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыруға қатысады, жетекшілік ететін өңірдің әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру мәселесі бойынша материалдарды дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді; "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Заңды іске асыруға қатысады, жетекшілік ететін өңірлерде сайлау округтері мен учаскелерінің, олардың шекараларының, сайлаушылар тізімдерінің қалыптасуына бақылауды жүзеге асырады. Жетекшілік ететін өңірлердегі сайлау процестерін ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету іс-шараларына қатысады; жетекшілік ететін өңірлердің, басқармалар мен департаменттердің олардың қызметін талдау және бөлім алдына қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттар мен ақпараттардың уақтылы орындалуын және ұсынылуын қамтамасыз етеді; Жетекшілік ететін өңірдің әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру мәселесі бойынша материалдарды дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді; облыс әкімінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бас инспекторларының, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының және басқа да ресми тұлғалардың жетекшілік ететін өңірлеріне жұмыс сапарларының бағдарламаларын дайындауды қамтамасыз етеді; облыс әкімі берген тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады жетекшілік ететін өңірлерге және кеңестерге жұмыс сапарлары барысында; Жетекшілік ететін өңірлердің барлық деңгейдегі әкімдерінің халықпен есептік кездесулерін өткізуді үйлестіреді, есеп беру кездесулерінде тұрғындар айтқан ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысын бақылауды жүзеге асырады; облыс әкімінің қатысуымен іс-шараларды үйлестіру; басқа құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп облыс әкімдігі отырыстарының материалдарын дайындау; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; қауіпсіздік техникасын сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді; Ақпараттық қауіпсіздікті сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді; ҚР заңнамасына қайшы келмейтін басқа да міндеттерді жүзеге асырады. «А» - функционалдық блогы.

    Ескертпе

    Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


    Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
    Тестілеу бағдарламалары

    Жарияланған күні: 17.03.2023

    Ішкі конкурс

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    20.03.2023 – 27.03.2023
    Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

    Қажетті құжаттар

    • Тізімᅠ
    • Өтініш үлгісіᅠ
    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу орны

    Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі

    Анықтама алу үшін байланыс

    87788048559