Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, маркетинг бөлімінің бас маманы, индекс: 06-04
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Биотехнология
- Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
- Аграрлық техника және технология
- Қаржы
Қосымша талаптар
қаржы және кредит және/немесе ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп
Функционалды міндеттер
Ауыл шаруашылығы министрлігіне және басқада жоғарғы орындарға керекті мәліметтерді дайындайды. Жоғарғы орындардан келген бақылаудағы құжаттарға дер кезінде жауап қайтарылуын қадағалайды және іс қағаздарының орындалуын, оның сапалы жүргізілуін қамтамасыз етеді.Тұрақтандыру астық қорынан наубайханаларға берілген ұнның есебін жүргізіп, әр айдың қорытындысы бойынша осы мәліметтерді облыс әкімінің интернет порталына салады. «Жұмыспен қамту -2020 жол картасы» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындайтын, сақтайтын және өңдейтін ауылдық тұтынушы кооперативтерінің жұмысына сараптама жасау және дамыту жұмыстарын жургізу. Өндірістік және ауылдық тұтыну кооперативтерін құру үшін керекті құжаттармен қамтамасыз етеді және құрылған кооперативтердің мәліметтерін жинастырып апта сайын мониторинг сараптамалық есебін жүргізеді. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №9-3/271 бұйрығына сәйкес «Агроөнеркәсіптік кешені саласындағы дайындаушы үйымдарымен ұйымдарға есептелген қосылған кұн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған кұн салығы сомасын субсидиялау» 105-ші кіші бағдарламасының орындалуын бақылауда ұстап, агроөнеркәсіптік кешені саласындағы дайындаушы ұйымдарын құру, оларды керекті құжаттармен қамтамасыз етеді және құрылған орталықтардың мәліметтерін жинастырып, субсидиялау орындалуын бақылауда ұстап, ұйымдастыру жұмыстары мен сараптамалық есебін жүргізеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы бойынша меморандумдар, келісім-шарттардың жасалуын қадағалайды.Көкөніс, жеміс-жидек, картоп сақтайтын қоймалар туралы ақпарат апта сайын дайындайды. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын пайдалану үшін - тауар интервенцияларын және азық-түлік тауарларының жаңарту жүргізу. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және маркетинг саласына байланысты өткізілетін жиналыстарды, семинар-кеңестерді, көрмелерді және жәрмеңкелерді ұйымдастырады. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссиясының қезекті отырыстарын ұйымдастыру және қажетті құжаттарын дайындау. Шаруашылық субъектілерімен келісім-шартқа отыруды ұйымдастырады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласына инвестиция тарту және өңдеу кәсіпорындарына керекті құрал-жабдықтарды лизингтік тәсілмен алу жұмыстарын жүргізу.
«А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі
-
87788048559