Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары, индекс: 04-07-3

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

E-1

Орташа лауазымдық айлықақы

512004

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда

Мамандығы

  • Құқық
  • Көлік қызметтері
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Кеден ісі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Кадастр
  • Бағалау
  • Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі
  • Қаржы

Қосымша талаптар

экономика және теміржол көлігін ұйымдастыру және / немесе қаржы және несие және / немесе құрылыстағы экономика және басқару және / немесе азаматтық құқық және / немесе заңтану және/немесе заң кеңесшісі және/немесе халықаралық экономикалық қатынастар және / немесе экономика салаларын құқықтық реттеу және / немесе кәсіпорындағы экономика және менеджмент және / немесе экономика, бухгалтерлік есеп және аудит және/немесе автомобиль көлігін ұйымдастыру және / немесе мемлекеттік басқару және/немесе сауда экономикасы және / немесе орман өнеркәсібі мен орман шаруашылығын ұйымдастыру және / немесе агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы экономика және басқару және / немесе бизнес және басқару және / немесе бизнес, басқару және құқық; ауыл шаруашылығы және / немесе ауыл шаруашылығын механикаландыру; автомобиль жолдары

Функционалды міндеттер

Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы мен бюджетін әзірлеу, оның орындалуын қамтамасыз ету, экономика, банк секторын дамыту, фискалдық және қаржылық саясат, өнеркәсіп, кәсіпкерлікті қолдау, сауда мен қызмет көрсету саласы, сыртқы экономикалық байланыс, импорт алмастыру, инвестиция тарту, энергетика, тұрғын үй, қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, қоғамдық орындарды көркейту, безендіру және абаттандыру мәселелері, коммуникация, тазарту құрылыстарын және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерінің құрылысы, коммуналдық шаруашылығы, монополияға қарсы қызмет және бәсекелестікті қорғау жұмысы, қоршаған орта мен табиғатты қорғау, мұнай өнімдерінің әкелінуін және оның сатылуын бақылау мәселелері. Мемлекеттік құпия құжаттарын қорғау және ақпараттық қауіпсіздік бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру. Аудандық ішкі саясат бөлімі; Аудандық білім бөлімі; Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі; Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі; Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі; Аудандық жұмыспен қамту орталығы; Аудандық жастар ресурстық орталығы; Аудандық Тіл оқыту орталығы. Жас өспірімдер спорт мектебі қызметіне жетекшілік етеді. Аудандық денсаулық сақтау мекемелері; Аудандық мемлекеттік тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы; Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының аудандық филиалы;  Ұлттық бірыңғай тест орталығының аудандық бөлімшесі; № 5 педагогика-психологиялық коррекция кабинеті; №9 кәсіптік техникалық колледжі қызметін үйлестіреді. Мемлекеттік емес білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет мекемелері; удандық «Қара дала тынысы-Қара дала нәпәси» газетінің редакциясымен өзара іскер байланысты жүзеге асырады. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы; Мүгедектермен жұмыс жөніндегі үйлестіру кеңесі; Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану жөніндегі комиссия; Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік көмекті ұйымдастыру жөніндегі комиссия; Үкіметтік емес ұйымдардың ынтымақтастығы және өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес; Аудан тұрғындарының денсаулығын сақтау мәліметтері жөніндегі үйлестіру кеңесі; Жастарды қарулы күштер қатарына шақыру жөніндегі комиссия; Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия; Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарайтын аудандық арнайы комиссия; Аудан әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес; Ұйғыр ауданы әкімдігінің жанынан діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі комиссия; Ұйғыр ауданы әкімдігінің жанынан азаматтық қоғам институттарымен өзара байланыс жөніндегі комиссия; Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша аудандық штаб; Мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штаб қызметіне төрағалық етеді. Комьютерде Microsft Office бағдарламасының Word, Excel-мен жұмыс істеу қабілеті және мемлекеттік тілді білу. «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 14.03.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.03.2023 – 28.03.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі

Анықтама алу үшін байланыс

87788048559