Алматы облысы Талғар ауданы әкімінің орынбасары, индекс: 02-0-1

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

E-1

Орташа лауазымдық айлықақы

512004

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда

Мамандығы

  • Құқық
  • Агрономия
  • Жерге орналастыру
  • Су ресурстары және суды пайдалану
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Кеден ісі
  • Сәулет
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Көлік құрылысы
  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
  • Аңшылықтану және аң шаруашылығы
  • Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
  • Аграрлық техника және технология
  • Орман ресурстары және орман шаруашылығы
  • Топырақтану және агрохимия
  • Жеміс - көкөніс шаруашылығы
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету
  • Кадастр
  • Бағалау
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария
  • Инновациялық менеджмент

Қосымша талаптар

тоқыма емес тоқыма материалдарын өндіру және / немесе қала құрылысы және / немесе азаматтық құқық және / немесе заң кеңесшісі және / немесе су көлігінің экономикасы мен ұйымдастырылуы және / немесе зоотехния және / немесе ауыл шаруашылығы машиналары және/немесе ақпаратты өңдеу және беру процестерін автоматтандыру және механикаландыру

Функционалды міндеттер

Белгіленген тәртіппен ұйымдастырылған міндеттер бөлінісіне сәйкес құзыретіне жататын мәселер бойынша жалпы басшылық жасайды. Өзіне қарасты салалар бойынша комиссиялардың іс-қызметтеріне тікелей басшылық жасайды, өз өкілеттілігі шегінде мемлекеттік органдармен, лауазымды адамдармен қызметтік хат алысады, өзі жетекшілік ететін салалар бойынша аудан әкімдігі қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Өз құзіреті шегінде мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым қатынас жасайды. Экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері, жер қатынастары, жер қорын меңгеру, ауыл шаруашылығы, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу, ветеринария, табиғи ресурстарды пайдалану және табиғатты пайдалануды реттеу, жер телімдерін меншікке немесе жер пайдалануға беру кезінде шешім қабылдаудың заңдылығына бақылау жүргізеді, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, сәулет және қала құрылысы, жергілікті полиция, қылмыстың алдын алу бойынша оперативті жұмыс, мүлікті жекешелендіру және заңдастыру мәселелері. Сәулет және қала құрылысы саласына бақылау жүргізеді.

«А» -функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 14.03.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.03.2023 – 28.03.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі

Анықтама алу үшін байланыс

87788048559