Алматы облысы мемлекеттік сатып алу басқармасының мемлекеттік сатып алу мониторингі және әкімшілік бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің 15.09.2024 ж. дейін бала күту демалысында болуына сәйкес), индекс ОМГЗиА-6

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

бухгалтерлік есеп және аудит

Функционалды міндеттер

Бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу. Басқарма қызметкерлерінің жеке шоттарын жүргізу. Жалақыны, қосымша ақыларды, сыйақыларды, демалыс төлемдерін, өтемақыларды, оның ішінде еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты есептеуді жүзеге асыруға, сондай-ақ оларды карт-шоттарға аударуға міндетті. "Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" ММ тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүзеге асыру. Барлық бюджеттік бағдарламалар бойынша шартты тіркеу үшін құрастыру, жасалған шарттар бойынша төлемге өтінімдер мен шоттар жасау. ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Алматы облысы бойынша Қазынашылық Департаментімен жұмыс жүргізу. Ақшалай қаражаттарды, активтерді түгендеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру. Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінде төлем шоттарының жүргізілуіне және өтінімдердің тіркелуіне бақылауды жүзеге асыру. Банктік операциялардың және шоттар бойынша ақша қаражатының қозғалысының есебін жүргізу. Жеке табыс салығын, әлеуметтік салықты есептеу және аудару, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдардың сомаларын мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептеу және аудару. Жалпы басқарма бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін (200.00-Нысандар) жасау. Алматы облысы бойынша Салық департаментімен салыстыру жүргізу. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есепті, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалар бойынша атқару жөніндегі бухгалтерлік есепті (балансты) жасау және қаржы басқармасына ұсыну. Іссапар шығыстары бойынша аванстық есептерді және шаруашылық шығыстар бойынша есептерді тексеруді және жүргізуді жүзеге асыру. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын әзірлеуі, басқарма басшысына бекітуге енгізу. Басқарманың міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамалар мен өтінімдер жасау бойынша жұмысты жүргізу. Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық есептерді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға дайындау және ұсыну бойынша жұмысты жүргізу, инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған республикалық бюджеттік даму бағдарламаларының орындалуы бойынша деректерді жинау. Басқарма қызметкерлерінің негізгі құралдары бойынша карточкалар жүргізу. Ақша қаражаттарына, төмен құнды құндылықтарға, материалдық құндылықтар мен активтерге түгендеу жүргізу. Түгендеу қорытындылары бойынша түгендеу тізімдемесін (салыстыру ведомосын) жасау. Басқарманың осы шоттары бойынша түгендеу карточкаларының тізімдемесін жүргізу. Басқармадағы негізгі құралдардың кірісі мен шығысы бойынша есеп жүргізу. Тозуды есептеу бойынша есеп жүргізу. Басқарманың айналым ведомостарын жасау. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Алматы облысы бойынша статистика басқармасына ұсыну үшін басқарманың негізгі құралдары бойынша есеп жасау (11-нысан), № 5 нысанды жасау. Басқарманың негізгі құралдарының қозғалысын және есептен шығарылуын бақылауды жүзеге асыру. 1316, 1319 шоттар бойынша шаруашылық материалдардың, кеңсе керек-жарақтарының, техникалық жабдықтардың кірісі мен шығысы бойынша есеп жүргізу. Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларына сәйкес белгіленген мерзімде экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына тиісті жоспарланатын кезеңге жиынтық бюджеттік өтінімді ұсыну, сондай-ақ оны қорғау жөніндегі жұмысты үйлестіру. Бөлімнің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауды қамтамасыз етеді. Жүргізілген және жоспарланған мемлекеттік сатып алуларға мониторинг және талдау жүргізу.

«В» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 22.02.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.02.2023 – 27.02.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі

Анықтама алу үшін байланыс

87788048559