Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің басшысы, индекс: 27-03-01
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Тарих
- География
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Әлеуметтану
- Журналистика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қоғамдық байланыс
Қосымша талаптар
персоналды басқару және/немесе мамандықтағы әлеуметтік жұмыс
Функционалды міндеттер
Бөлімнің қызметіне басшылық жасау, жұмысты ұйымдастыру және лауазымдық міндеттердің орындалуын қадағалау.
Басқарманың стратегиялық және жылдық жұмыс жоспарларынан туындайтын міндеттерді орындау.
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасайды, жүргізіліп жатқан мемлекеттік тіл саясатының және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жөніндегі кешенді шаралардың тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және оның іске асырылуын ұйымдастыру.
Жоғарғы органдардан түскен бақылаудағы және басқа да құжаттардың мерзімінде орындалуын қадағалау.
Әкімшілік-аумақтық бірліктерге және олардың құрамдас бөліктеріне атау беру немесе қайта атауға байланысты құжаттарды облыстық ономастика комиссиясының қарауына дайындау.
Облыстық ономастика комиссиясының жұмысын қажетті деңгейде қамтамасыз ету, хаттамасын жүргізу.
Аудан, қалалардағы ономастикалық ахуалды зерделеу, талдау жүргізу, анықтама дайындау.
Ономастика саласы бойынша БАҚ өкілдерімен жұмыс жүргізу, мақалалар дайындау, телеарналарда сұхбат беру.
Ұжымды басқара білу, болжамдау, жоспарлау, ұйымдастыру, қарамағындағылардың жұмысын бағалау және бақылау.
Көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттері бар, этикалық және іскерлік, талап қоя білу қасиеттері болуы қажет.
«А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4
-
87788048559