1. Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы (уақытша 05.04.2023ж. дейін, негізгі қызметкер жүктілікке және босану демалысында болуы кезеңіне), индекс: 27-02-03

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Тарих
  • География
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Әлеуметтану
  • Журналистика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қоғамдық байланыс

Қосымша талаптар

бизнес және менеджмент және/немесе  мамандықтағы әлеуметтік жұмыс

Функционалды міндеттер

Басқарманың жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларынан туындайтын міндеттерді орындау.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының, тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының облыста жүзеге асырылу барысына, тіл мәселесіне қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Үкіметтің қаулыларын Үкімет, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындау, тіл саясатының 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бағытындағы іс-шараларының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекіткен іс шаралар жоспарын жүзеге асыру, халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Мемлекеттік және басқада тілдерді дамытуға және насихаттауға бағытталған қоғамдық-саяси және мәдени-бұқаралық шараларды әзірлеу және өткізу.

Жоғарғы органдарғы сараптамалық материалдар, ақпараттар дайындау.

Жергілікті басқару органдарындағы және басқа да салалардағы тілдік ахуалды зерделеу, тексеру, олардың нәтижелері бойынша құжаттар дайындау.

Тілдік ахуалға талдау, баяндама, есеп, ақпарат дайындау.

Жоғарғы органдардан түскен бақылаудағы және басқа да құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, мерзімінде орындау.

Көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттері, этикалық және іскерлік, талап қоя білу қасиеттері болуы қажет.

«А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 27.01.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

30.01.2023 – 07.02.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4

Анықтама алу үшін байланыс

87788048559