Алматы облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары, (индекс: 01-02)

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-O-2

Орташа лауазымдық айлықақы

441254

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-2, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы
  6. ғылыми дәрежесі;
  7. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Су ресурстары және суды пайдалану
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Биотехнология
  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
  • Аграрлық техника және технология
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Өсімдік шаруашылығындағы Селекция және биотехнология және/немесе Ауыл шаруашылығы биотехнологиясы және селекциясы және/немесе Зоотехния және/немесе Зооинженер

Функционалды міндеттер

Мекеме құзырындағы ұйымдардың және бөлім басшылары мен қызметкерлерінің толыққанды жұмыс жасауын ұйымдастырады, олардың жұмыстарына басшылық жасайды және басқарма басшысы тапсырған жұмыстардың сапалы және уақытылы орындалуын қадағалайды. Басқармада біртұтас мемлекеттік саясаттың жүргізілуін қамтамасыз етеді. Экономикалық қарым-қатынастарды жетілдіру, талдау мен болжамдау жұмыстарын қадағалайды. Ауыл шаруашылығын дамытуға арналған мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асырады. Ауыл шаруашылығын дамытудың орта және ұзақ мерзімді жоспарларын әзірлеу, орындалуына талдау және мониторинг жүргізуді ұйымдастырады.Ауылды аумақтарды дамыту жұмыстарын үйлестіреді.Еңбек тәртібіне негізделген жұмыс процесінің тұрақты орындалуын қадағалайды.Басқарманың алқа мәжілісі мен аппараттың жұмыс жоспарының жасалуын, алқа мәжілісінің іс қағаздарының дайындалуын, басқа да ұйымдастыру шараларын өткізуді қадағалайды.Ауыл шаруашылығы құрылымдарын қаржыландыру, болжам жасау және  Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін орнықты дамыту жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру, қаржы бағдарламасын даярлап, іске асуын қадағалау, қаржыландырудың инвестициялық саясатының негізгі бағыттарын іске асыру, бухгалтерлік есеп пен есеп беру шараларына басшылық етеді.Су шаруашылығы салаларына берілетін  субсидиялау бағдарламалары бойынша субсидия төлеу жұмыстарын қадағалайды. Қазақстан Республикасы АШМ су ресурстары жөніндегі Комитетімен, Балқаш-Алакөл бассейндік су шаруашылығы басқармасымен, су шаруашылығы мәселесі бойынша ғылыми өндірістік орталықтарымен бірлесіп жұмыс атқарады.Су объектілерін ұтымды пайдалану, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі, оның ішінде жерді гидромелиорациялау, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауыпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлеу және оларды іске асыру жұмыстарын қадағалайды. Сот және басқа органдарда заңда белгіленген талаптарға сәйкес облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының құқығын қорғайды.

 «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 12.01.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

13.01.2023 – 17.01.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4

Анықтама алу үшін байланыс

87753195594