Алматы облысының тарихи және мәдени ескерткіштеріне QR код орнату

Жобаның қысқаша сипаттамасы:

QR-код - мобильді құрылғының камерасы арқылы жылдам тану үшін ақпарат беретін, екі өлшемді (бар код) штрих-код.  QR-код-ң  мақсаты: кез келген адам өзінің ұялы смартфоны арқылы ескерткішке ілінген QR кодты сканерлеп, сол ескерткіш жайлы толық ақпарат алады. QR код тақтайшалары барлық адамдар үшін аймақтың тарихи және мәдени мұрасымен танысу үшін таптырмас мүмкіндік болып табылады.

 

Жобаның мақсаты:

Алматы облысының тарихи және мәдени ескерткіштерін насихаттау мақсатында 2014 жылы облыс аумағында орналасқан тарих және мәдениет  ескерткіштеріне QR-кодтарды орнату

Жобаны іске асыру қандай мәселелерді шешеді?

Ескерткішке орнатылған QR кодты ұялы телефон арқылы оқып ол жөнінде толық ақпарат алу мүмкіндігін ашады.