Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін құттықтау

Құрметті Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері және журналистер қауымы!

Баршаңызды келіп жеткен «Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні» мерекесімен құттықтаймын!
Журналистика – бұқаралық сипаты басым құбылыс, дәл бүгінгі күні журналистер қауымы – қоғамның ақыл – ойы, ар – ұяты десек артық айтқандық емес. Қоғам үшін маңызды озық ойлар, үздік пікірлер ең алдымен ақпарат құралдарында, сонымен қатар баспасөз басылымдарында қызмет ететін журналистерден шығып жататыны көпке мәлім. Оның үстіне журналистика, жүрекпен сүйетін кәсіп, халыққа ең жақын тілектес мамандық.
Олай болса, ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша БАҚ өкілдерімен журналистер қауымына мол жақсылық, отбасыларыңызға амандық пен саулық, жанұяларыңызға құт- береке, және шығармашылық табыс тілеймін!
Еліміздің жетістігін жазуда қаламдарыңыз мұқалмасын!
Құрметпен, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев